Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
А досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.
Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.