Мәтіннен негізгі ойды білдіретін 3 сөзді тауып жаз. Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы – ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге бөлінді.
Қыс - ең суық жыл мезгілі, сондықтан адамдардың киген киімдері сәннен бұрын жылы болуы тиіс. Қысқы киімдер қатарына: бас киім, күрте, қолғап, етік және тағы басқалары жатады. Бас киім тек қана басты жылытып коймай, сонымен бірге құлақты да суықтан қорғайды. Күрте - дененің 70 пайызын жабатындықтан, ол міндетті түрде табиғи материалдардан жасалғаны абзал. Қолғап - қолдың тоңбауымен қатар, терінің құрғауынан сақтайды. Етік - адам денесінің температурасына толығымен әсер етеді. Жылы әрі сапалы етік киген адамның денесі еш уақытта тоңбайды.