М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
myra5
myra5
08.05.2023 04:25 •  Қазақ тiлi

3- тапсырма. Мәтіндегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыстығын анықтап, кестеге белгілеңіз [4]

Ақпарат
Дұрыс
Бұрыс
Ауызсу тапшы елдер бар
Қанның 85 пайызы,
сүйектің 20 пайызы судан
тұрады
Алғашқы баспана арба
үстінде орнатылған
Ғаламшардағы адамдар 1
пайыз ауызсуды
қолданадып

👇
Открыть все ответы
Ответ:
1.Қазақтың мукалық аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысын келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойын, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халлыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күлер орындағанда пайданып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.2,  Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді 1. Үрмелі аспап- духовой инструмент 2. Ұрмалы аспап-ударный инструмент 3. Ыспалы аспап- смычковый инструмент 4.Ішекті аспап-струнный инструмент. .   Жетіген қазақ халқының өте ертеден келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Аспап ағаштан құралып жасалады. Оған он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аңыз бойынша “ЖЕТІГЕН” аспабы бір қарияның жеті баласынан айырылғандағы қасіретінен туған деседі. 3.   Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.
 
Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған өлеңші болады.
  
Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса. 
 
Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.

Түйеге мінген қазақ,
Төрт ауыз өлең біледі.

Елшіге өлім жоқ,
Өлеңшіге өкім жоқ.

Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңнен айырар;
Иә жаубетін қайырар.                                                                                                                                                                                                                             3.   Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады.Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген. 

4.Өздік етіс
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет)

Оқушылар ерте тұрып жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгі іс иесі (орындаушы) біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалып, әрі қимыл сол іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
4,6(59 оценок)
Ответ:
nazarborovichok
nazarborovichok
08.05.2023
Дүние тылсым құпияға толығой. Біз өмір сүрген жерді құпиясы сырын әлі ішіне бүгіп жатыр. Ал жер шарының қалған екі бөлігін алып жатқан судың қойнына тыққан сыры біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Аңыздардан судан шыққан алып құбыжықтар жайлы, кемелерді құрдымға кетіретін жойқын күшті су жануарлары жайлы көп естіген боларсыз. Мұхиттардың түбін жайлаған тіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланың соңында жүр. Кейбір ғалымдар мұхит түбінен көне өркениет іздерін, су асты пирамидаларын тапқан. Десек те, олардың мүмкіндіктері шектеулі. Мысалы ерттеушілер әлі күнге Бермуд үштағанының сыры мен Атлантиданың орнын таба алмай жүр. Олар сонымен бірге ескі аңыздарда жиі аты аталатын су құбыжықтарының бар-жоғын да анықтай алмай отыр.  
Солардың бірі Лох-несс құбыжығы 
Шотландияның шағын көлі Лох-несстен бірінші болып құбыжықты көрген Рим легионерлері болса керек. Судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талай адамдардың жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан-мыс. Аңыздың кең тарала бастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шыға бастайды. Содан бастап оның атағы жер-жаһанға жайылып, көпке танымал құбыжыққа жұрт «Несси» есімін береді. Сол жылдары айналдырған бір айдың ішінде Несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… Ал 1943 жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланның сұлбасын көріп суретке түсіріп алады. Құбыжықтың бар-жоғын білгісі келген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген. Олар көл түбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенін анықтаған. Бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек. Бірі мұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтың бар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек. Вирджиния университетінің профессоры Хенри Бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған бір түрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан. Осындай адам сенгісіз әңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көруге алыс-жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен.  
Дәл осылайша таңғажайып аңыздармен аты шыққан көл — Бросно.  

 Бұл көлде төменгі Новгородты бетке алған татар-моңғол әскерінің күл-талқанын шығарған алып құбыжық мекен еткен-мыс. Бұл жердің адамдары да кезінде айдын бетінен аузынан от шашқан айдаһарды көрген. Алайда бұл оқиғаларға айдаһардың еш қатысы жоқ екен. Мәселенің мән-жайы кейін белгілі болды. Аталмыш көл түбінде қысымы өте жоғары газдар жинақталатын көрінеді. Газ су түбіндегі тербелістер кезінде алапат күшпен көкке атылады. Міне, балықшылардың із-түссіз жоғалуына, шағын қайықтардың су түбіне кетуіне осы жайттар себепші болған. Ал егер сол уақытта балықшылар темекі тартып отырған болса, айдын беті бір сәт қызыл отқа оранады. Көл айдаһары жайлы аңыз осыдан шықса керек. Норвегияның Ремшен көлі де құбыжығы көп айдынның бірі. Бұл көлден де бірталай куәгерлер ұзындығы 15 метрге жететін жыландарды, алып айдаһарларды көрген. Ремшенді зерттеген мамандардың құрылғылары да су түбінен шыққан беймәлім дыбысты жазып алған. Алайда құрылғыдағы бұл дыбыстар ғалымдардың нақты шешім қабылдауы үшін жеткіліксіз болып отыр.
4,4(18 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ