ТЕКСТ ЗАДАНИЯ «Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол
жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен
ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.
«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен
ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты.
«Біржан-Сара» операсы музыкалық поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана
Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол
Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-
опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын
көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера
театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.
Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен сәйкестендіріңдер.
Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші
1
опера театры болып табылады.
Опера және балет театры - әлемнің аса
сәулетті театрларының бірі
2
О)
Алғашқы маусымын «Біржан-Сара»
операсымен салтанатты түрде ашты
3
Вперед )
Назад
Қазақстан жануарлары
Қазақстан табиғаты алуан түрлі болғандықтан, мында мекендейтін жануарлар түрі де қаншама.
Интернет желісіндегі ақпаратқа жүгінсек, Қазақстанда сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлері кездеседі екен.
Дала жануарларынан тышқан, сарышұнақ, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой, киік, ал құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемді келеді және олардың түстері де дала бояуына қарай өзгере дамыған болады.
Орманды дала жануарлары қатарынан қоян, ақкіс, елік, қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Оларды мекендейтін жануарлар: тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі.