М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Viola320
Viola320
24.03.2023 18:24 •  Қазақ тiлi

Тапсырма. Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [7] А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
– Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
– Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын.
Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда
шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен
сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме
айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал
қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
– Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
– Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың,
көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де
табиғаттың орны ерекше ғой!
– Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
– Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге
фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар
ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен
үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару.
-
Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]

Тұжырым
Дұрыс
Бұрыс
1
Мәтін кейіпкері мектеп қабырғасында жүргенде
өз кәсібін таңдаған.
2
Б.Тұржан суретке табиғат аясында түсіргенді
ұнатады.
3
Суретке түсіруші үшін маңыздысы – еңбегінің
жақсы бағалануы.
2 Мәтін кейіпкері сияқты сенде де нақты хобби бар ма? Ол қандай іс
екенін түсіндіріп, 3 сөйлем көлемінде жазыңыз. [3]
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда
Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз,Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар
өтеді.
Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты
балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт
ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері
түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа
шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен
мультфильмдер тегін көрсетіледі.
1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен
тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен
«Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан,
қасқыр) өнері ұсынылады.
Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің ба з қызметі.
http://www.almaty.kz/ сайтынан.
1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсет. [2]

Тұжырым
Дұрыс
Бұрыс
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған
шарада көптеген ойындар ұйымдастырылады.
шарада көптеген ойындар ұйымдастырылады.
Мерекелік бағдарламаға тек балабақшалар мен
спорт мектептерінің түлектері қатысады.
спорт мектептерінің түлектері қатысады.
Бұл күні жағдайы төмен жанұя балаларына цирк
әртістері тегін концерт көрсетеді.
Жазылым
Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Құрамы 120-150
сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек.
1 Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл
[8]
1 Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл
сөздің мәнмағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын
сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау,
уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос
уақытын қалай өткізетінін сипаттап, эссе жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).
2 «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында
жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің
сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген
қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз? Жауабыңызды сипаттап жазыңыз
(120-150 сөз көлемінде).
Оқылым - 7 ұпай.
Жазылым – 8 ұпай.
Барлығы - 15 ұпай.
это тжб умаляю

👇
Ответ:
MiyaGi228
MiyaGi228
24.03.2023

А мәтіні

1. Дұрыс

2. Дұрыс

3. Бұрыс

Ә мәтіні

Бәрі дұрыс

Жазылым

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының  қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды,  сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

4,4(56 оценок)
Ответ:
ArkhamCity
ArkhamCity
24.03.2023

Тебе уже ответили так что просто напишу

4,5(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

табиғат аясында әңгіме

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

4,4(78 оценок)
Ответ:
истина4
истина4
24.03.2023

2.Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

3.тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

Тіл ақылдың - өлшемі.

. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

4,7(23 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ