Тапсырма . Мәтінді оқыңыз . Мәтінде психологизм бар ма ? Ойыңызды дәлелдеңіз . « А да , құдай шешеді . Түні бойы жаңбырдың ірі тамшылары тарантастың шатырына тарсылдаудан тынбады . Батпаққа толарсақтаған аттар аяңға әрең жарап келеді . Бір дауыспен сорғалаған жауынның дыбысын тек шыбыртқының ысылы мен қалжыраған аттардың пысқырынуы , көшірдің жеки шыққан дауысы ғана бөледі . Түн тіптен нашар болды , жүріс те оңбады . Ойлаған жоспарымыз жүзеге аспай қала ма деп қауіптенемін . Көшірден әлденеше рет : - Күн ашылар түрі бар ма ? -деп сұрадым . Қара бақайына дейін малшынған көшір мұндайда « жоқ » - деп қоңқ ете қалады да етегіне жиналған суды сілкіп тастап : « құдайдың күні - ай » , - деп тағдырына наразы болғандай үн қатады . Егерде жылдам жүргенде бекеттің пешіне шығып , әлдеқашан ұйықтап жататын көшірді аяймын . Бірақ сұлу Баянның да аруағын қия алмаймын . Осылайша біз бір сағаттай жүрдік - Мәртебелім , -деді көшір . - Мола әне тұр ! Мен басымды тарантастан шығардым . Күн түнеріңкі бұлттың аржағынан әзер байқалады . Аспанды түгелдей былғаныш бұлттар қаптап алыпты . Жаңбыр бұрынғыша төгіп тұр . Ақ көбік болған аттар сортаң лаймен әзер жылжиды , ол жақтағы өзеннің арғы бетіндегі теректердің бастарынан асып tіттің сүйір мұнарасы көрінеді , жырақтан ол қызыл қыштан қаланғандай байқалады . Мұндай ауа райында шай ішу , қазақтың көне ескерткішін мұқияттап қарау жайлы ойлаудың қажеті жоқ еді . - Шамасы , өзен тасып жатқан секілді , мәртебелім , өткел бере қоймас , - деді көшір менің ойымды жорамалдағандай . - Ілгері тарта бер , қайтар жолда қараймыз , -дедім де мен тонымды қымтанып , қалғып алу мақсатымен оң жағыма қисая кеттім ... »
Астана - мәдениет пен өнер ордасы.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған. Астана қаласында түрлі театрлар мен мәдениет сарайлары бар. Елордамызда түрлі мәдени іс - шаралар өткізіліп тұрады.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.