Ел мен жер тағдыры екіталай күйге түскенде қолына ер-азаматтармен бірге қару алып, ұрыс даласында атой салған қазақтың батыр қыздары мен аналарының көп болғаны қарт тарихтың еншісінде жатқан хақ ақпар. Бүгінде оларды дәріптеу былай тұрсын, есімін ұран еткендердің қатары мол. Бұл анасын ардақтаған текті ел үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш болса керек-ті.
Қазақ қыздарының әрбірінің бойында қайсарлық пен батылдық, жанарында жалын бар. Олардың осындай қайсарлығы мәңгі өшпес алаумен тең. Үндінің Дели сұлтандығының басын XIII ғасырда қарумен қосқан Рәзия патшайымның да шыққан тегі қыпшақ екені белгілі болды, яғни, түбі қазақ деген сөз. Сондықтан да батыр аналарымыз жайлы тарихтың тереңінен мейлінше сыр суыртпақтауға болады. Домалақ ана, Қызай ана, Жанат, Қарқабар, Алтыншаш, Әлпеш, Момын аналар, Айсары, Таңсұлу, Айтолқын арулар, Ақбикеш, Мақпал, Бопай ханымдар, Айша бибі, Рабиға бегім, Қарашаш, Еңлік, Баян сұлу сынды қазақтың батыр қыздары мен аналары том-том еңбектер жазуға лайық.
Атақты Қабанбай батырдың жары Гауһар өте ақылды, тапқыр жан болған деседі. Соғыста әртүрлі тәсіл ойлап таба білген. Мәселен, түйенің өркешіне найза байлап соғыс алаңына алып келгенде жау жағы қазақтарға қосымша әскер келді деп қаша жөнелген екен. Осындай тәсілдерді соғыс үстінде таба білуімен ерекшеленген Гауһар мәңгі ел есінде.
Назым – Қаракерей Қабанбай мен Гауһардың қызы. Қаһарман қыз сан рет жау әскерін талқандап, әкесімен бірге қазақ-жоңғар соғысына қатысып, елін қорғаған оның ерлігі елге аңыз болып тараған.
Ақбикеш жауды алыстан көретін қырағылығымен танылған қыз екен. Соғыста жау жасағын бақылап, оның бағытын хабарлап отырған. Тіпті, жау бағытын анықтау үшін Қаратау өңіріне биік мұнара салдыртқан. Талай ұрыста қапы қалып, әбден өшіккен жау Ақбикешті қолға түсіріп, қырағы көздерін ойып тастаған көрінеді. Қаратаудағы «Ақбикеш мұнарасы» осы батырдың құрметіне аталған.
Ботагөз батыр – Есет баһадүрдің қызы. 1742 жылы Орынборға кеткенде елін қалмақтар шауып, жылқыны айдап алып кетеді. Сол тұста 150 сарбазды бастап барған Ботагөз жау әскерін тас-талқан етіп, тірі қалғанын тұтқынға алып жеңіспен оралған. Қыз бастаған қолдан ойсырай жеңілгенін естіген қалмақ қолбасшысы бас сауғалап үлгерген негізгі әскерді қатаң жазалаған екен.
Бопай батыр – Кенесары ханның қарындасы. 1837-1847 жылдары Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтеріліске қатысқан ол 600-ден астам сарбазды басқарған. Бірнеше рет тұтқынға түссе де ебін тауып құтылып отырған Бопай батыр сарбаздарды азық-түлік, қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз етуде айрықша қажыр-қайрат көрсеткен. Барлық істе табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған қазақ елінің мақтанышы, ардақты анасы.
Бақты батыр – әкесі жаужүрек болған текті жердің қызы. Алаш арыстарының бірі Мұстафа Шоқайдың әжесі. Бақты әкесімен бірге Түркістанды жаулаушы орыс отаршылдарына қарсы барлаушылық қызмет атқарған.
Міне, қазақтың осындай жаужүрек батыр қыздары мен аналары ел тарихын қалауда, елдігімізді берік етіп, мемлекетімізді құруда айрықша үлес қоса білген. Біз сондай-ақ Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды майдангерлерді, Ләззат пен Сабирадай қайсар қыздарымызды атаусыз қалдыра алмаймыз. Олар да кешегі батыр аналардың жолын жалғаған, елдігіміз үшін, өр рухымыз үшін аянбай күрескен намысшыл аруларымыз еді. Сол намысты да рухты қыздарымыз бен аналарымыздың ізбасарлары егемен елден көптеп шыға бергей.
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы Алматының Медеу ауданында Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерімен шектелген 18 гектар аумақта орналасқан.
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы қаланың ең алғашқы саябағы, оның іргесі XIX ғасырдың соңында, Алматы әлі Верный деп аталатын кезде қаланған.
Ресми атау 1942 жылдың 5-мамырында Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуге бет алған фашист танкілерін тоқтатқан Панфилов дивизиясы мен алматылық батырлардың құрметіне берілді. Олардың құрметіне және екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарын есте сақтау үшін саябақта Мәңгілік алау жанып тұр.
«Мәңгілік алау» – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында тоқтаусыз лаулап тұратын от. «Мәңгілік алау» соғыс символдарына жататын болған соң, жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды.
Панфиловшылар саябағы
Жалпы саябақ атауы бірнеше рет өзгертілген. Саябақ Верный қаласының құрылысы жылдарында қорымдар (1921 жылы болған селден қорымдар жойылған) орнына салынған. 1887 жылдың 28-мамырында болған жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың бауырлас бейіті де жоғалған. 1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жасқа толуына орай саябақ «Пушкин саябағы» атауына ие болды. Саябақ көріктендіріліп, мамыр гүлдері отырғызылды, күркелер мен отыратын орындар тұрғызылды. Шығыс бөлігі – Шіркеу алаңында (немесе Гефсиман бағы) Түркістан Шіркеуі, архиериялық шіркеу мен епархиялық үй (кеңестер кезінде «Алматы» кинотеатры) салынды.
Панфиловшылар саябағы
Бүгінде саябақтың шығыс бөлігінде Ықылас атындағы халық аспаптарының мұражайы, Әскерлер үйі, Интернационалист жауынгерлер ескерткіші және Мәңгілік алауы бар Даңқ мемориалы орналасқан. Мемориалды кешеннің ашылуы 1975 жылдың 8-мамырында өтті. Ол Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін атсалысқан жастар құрметіне жасалған «Ант» горельефінен тұрады. Орталық бөлігі «Ерлік» триптихасы Мәскеуді қорғаған батыр панфиловшылардың бейнесін суреттейді. Оң жағында «Даңқ таратушылар» композициясы. Ол салтанатты өмір гимнінің белгісі. Мәңгілік алау жанында батыр қалалардан әкелінген топырағы бар лабрадориттен жасалған кубтар орналасқан. Демалыс және мереке күндері паркте адам ерекше көп болады. Олар Отан үшін қаза болғандарды еске алып, гүл шоғырларын алып келеді.
Саябақты толықтай кесіп өтетін естелік саяжолының бойында 28 батыр панфиловшылардың аттары ойылып жазылған тастан қашалған бағаналар мен Кеңес Одағының Батырлары, И.В.Панфилов және Бауыржан Момышұлының ескерткіштері бар. Даңқ мемориалының батысында Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында елімізге келген мемлекет басшыларымен егілген Тянь-Шань шыршалары отырғызылған Президент саяжолы бар.
Кқріктеугі құрал: теңеу