ЖАЗЫЛЫМ 14-тапсырма. Мәтін үзіндісінде берілген пікірді дәлелдеп,
жер-жердегі достарыңа хат жаз,
мәтің:
Алатау мен Алтайда тау шаңғысы жолдары журтка мен
мұндалап тұрады. Мәселен, Шымбұлақ базасына барып, бір
мәрте шаңғы теуіп қайтуға барша жұрт құмар. Спорттың осынау
қиын түрін ұнататын жүздеген, тіпті мыңдаған жас бул жерлер-
ге Қазақстан түгіл, күллі әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады,
Ересектер шаңғы тепсе, балалар шанамен сырғанайды.
Аңызақ жел – желдің отын құрғататын оңтүстік-шығыстан соғатын жел;
Ескек жел – топырақты кептіріп жіберетін, көктемнің басында соғатын жылы жел;
Қара жел – күзде соғатын суық жел;
Алтын күрек жел – қыстың аяғында қарды әкететін жел;
Жапырақ жел – күзгі ағаштың жапырақтарын үйіріп әкететін жел;
Қума жел – бірде басылып, бірде үйіріп соғатын жел;
Өкпек жел – жазғытұрымда солтүстік-шығыстан соғатын жайсыз жел;
Әуір жел – шілдеде соғатын ыстық жел;
Үскірік жел – суық жел;
Қазанның қара желі – күздегі қара суық жел;
Терімсал – шілдеде соғатын ыстық жел;
Мал-жанға жайлы жер: қоңыр жел, самал жел, мырза жел, жайдақ жел, майда жел;
Мал-жанға жайсыз жел: ызғырық жел, үскірік жел, өкпек жел, сары жел;