М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DobinaDaria1
DobinaDaria1
18.03.2023 17:52 •  Қазақ тiлi

Тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Махамбет Өтемісұлы

Махамбет өзінің «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтса, «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние» сияқты шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» атты өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.

Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. Оның «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым» өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Жолдасы Исатай өлсе де, көтерілісті тоқтатпай, керісінше, көтерілісшілерге рухани көмек берді.

Махамбет – сегіз қырлы, бір сырлы ел баласы. Ол «жігітке жеті өнер де аз» деп, жер бетіндегі өзіне ұнайтын өнерлерді бойына сіңірді. Қазақтың ұлттық аспаптарында да еркін ойнады. Басқа батырлардың серігі жылқы болса, Махамбеттің серігі қара домбыра болды. Ол күй де шығарды. Махамбеттің 11 күйі бізге мұра ретінде жеткен. Сол күйлерінің ішіндегі бәрімізге белгілісі – «Жұмыр қылыш». Ақынның күй шығаруы – бойында бірнеше өнердің бар екенінің дәлелі.

«Батыр туса – ел ырысы». Расында да, Махамбет - елі үшін туған азамат ақын. Ол қолына найза ұстап, ел қамы үшін көтеріліске шықты. Махамбетті ел қорыған батыр деп бағалау – ақынға айтылған ұлы мадақ.

Тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелде табыңыз.

А) Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

В) Батыр туса – ел ырысы.

С) Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.

Д) Өнерлінің қолы ортақ.

2. Мәтінде Исатай туралы ой қай абзацта айтылған?

А) бірінші, екінші

В) Төртінші

С) Үшінші

Д) Екіші

3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.

Жәрдем

Мақтау

Қаһарман

Береке

4.Мәтіннен көнерген сөздерді тауып жазыңыз.

5. Мәтінге қатысты өз ой-тұжырымыңызды жазыңыз (3 сөйлем).

Жазылым​


Тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Махамбет Өтемісұлы Махамбет өзіні

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Irina5600
Irina5600
18.03.2023
Бүгінде көшеде жүрсеңіз немесе бір әлеуметтік ортада, қонақасыда болсын өспірім балалардың шектен шыққан тентектігін кездестіріп жатамыз да, бұл қай отбасының баласы екен деп сәбиге емес, оның отбасына өкпелеп жататынымыз бар. Өйткені Отбасы- өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмас. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
4,6(54 оценок)
Ответ:
Сас111
Сас111
18.03.2023

Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті  көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.

4,6(14 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ