Жыл сайын атаулы мерекеде қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. бүгінде «достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады тақырыптан ауытқып кетсем ренжімее: )
Автобус (француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан) — жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль. Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.
Оксфордтағы екі қабатты автобусАвтобус қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады. Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды. Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды