"Бәйтерек монументі" туралы диалог.
– Сәлем,Жайна!
– Сәлем,Арман!
– Қалың қалай? Нұр-Сұлтанда жайша жүрсің бе?
– Жаман емес,өзіңде ше? Ия,қыдырып келгем.
– Менде де бәрі жақсы.Керемет!Ендеше біздің үйге қонақ боп кет.
– Жоқ,ниетіңе рахмет!Қонақ үйде аялдауды жөн көрдім.
– Онда жүр жақын жерде Бәйтерек монументі бар,соны таныстырып қайтайын.
– Жарайды.
– Бәйтерек – қаламыздағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
– Бұл ғимараттың авторлары кім екен?
– «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы:А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов.
– Шебер адамдар екен.
– Ия.Ал сен білесің бе Бәйтеректің биіктігі неге 97 м екендігін?
– Жоқ,неге?
– Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған.
– Мәссаған!
– «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.
– Керемет!Мен оны тезірек көргім келеді.
– Олай болса жүр,асығайық!
Доссыз қалу-бақытсыздықты жоғалту сияқты пікірмен келісемін.Әр адамның достары бар деп сенімді түрде айта алмаймын. Бұл біз мектепке баратын, кейде демалыс күндері көретін адамдар туралы емес, Нағыз достар туралы,себебі менің ойымша, нағыз дос тану үшін уақыт өте келе тексерілу керек.
'Жүз теңгең болғанша,жүз досың"деген сөз кездейсоқ емес. Әйтпесе, саған қиын сәтте көмекке келмейтін, керісінше бас тартатын адамды дос деп санауға бола ма ? Достар тек қуанышта ғана емес, қиын сәттерде де бола алады. Адамға әрқашан қолдау, кеңес қажет немесе біреуі тыңдауы керек.Дос болса,екеуің қиыншылықтан өтесіңдер,бірге күн кешесіңдер.Доссыз күндер бола ма?
Менің ойымша, достық-бұл адамға берілген сыйлық,бірақ бұл сыйлыққа ие болу-бұл керемет. Сондықтан да,досты таба білу қажет және нағыз досты қастерлеу керек деп ойлаймын.