М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
LeenBoom69
LeenBoom69
21.03.2020 12:40 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение про казахские национальные блюда

👇
Ответ:

Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» секілді сөздер осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Ұлттық тағамдарға тоқтала кетер болсақ, оларды құрамындағы басты компонентке байланысты бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалатын тағамдар, дақылдан жасалатын тағамдар.

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.

Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.

Ал ұннан әже - апаларымыз ежелден қазағымның символына айналған шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеген. Жұма сайын және әрбір мерекеге орай дастарқаннан бауырсақ пен шелпек үзілмеген.

Халқымыз дәнді дақылдардан да пайдалы тағам әзірлей білген. Соның ішінде: талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе.

Халқымыздың ұлттығы мен салт - дәстүрін сақтап, ары қарай дәріптей білейік, ағайын!

4,8(26 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
87752465940
87752465940
21.03.2020
Балалық шақ, адамның ең бір қызықты шағы. Балалар неліктен бақытты, себебі олар өтірік айтуды білмейді, білгенінен білмегені көп болған соң, әрбір жаңадан үйренген әрекетіне қуанады. Мен бақытты баламын, әкешім мен анашымның еркесімін. Олар маған өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін сіңіруге күш салуда. Олардың тәрбиесінен мейрімділік пен қатар қаталдықты аңғарамын. Мен оған ренжімеймін, тәртіпке бағынған құл болмайды. Тәртіп адамды жауапкершілікке баулиды. Ал, жауапкершілікті сезінген адамның ісі әруақытта тындырымды болады. Мен, мен барлық жағдай жасап отырған ата-анама ризамын, ал, ата-анам менің жетістіктеріме риза. Олай болса мен бақытты баламын
4,5(60 оценок)
Ответ:
МАШЕНЬКА881
МАШЕНЬКА881
21.03.2020

Теңіз жағалауының дамуында толқындардың жұмысы басты рөл атқарады. Теңіз дауылдары мен толысуы кезіндегі ең биік ұрма толқындардың жалдары жеткен сызық теңіз жағалауының құрлықтағы шекарасы болып табылса, толқындық қозғалыстардың теңіз табанында әсері жоғалатын изобата теңіз жақтағы шекарасы болып табылады. Теңіз жағалауының қалыптасу процесі құрлықтың әсері, оның бастапқы биіктігі мен жағаның тілімдену дәрежесімен, геологиялық құрылымымен, өзендердің қатты ағындысының мөлшерімен және т.б. факторлармен айқындалады. Теңіз жағалауының дамуына тік бағыттағы тектоникалық қозғалыстар айтарлықтай әсер етеді. Толқын әсерінің сипатына қарай теңіз жағалауы абразиялық, аккумуляциялық және күрделі болып жіктеледі.[1]

4,5(19 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ