Жылқы туралы диалог құрастыру.
Аманжол: Досым, сенің сүйікті жануарың не?
Мұратбек: Менің сүйікті жануарым – жылқы.
Аманжол: Неліктен?
Мұратбек: Оның екі себебі бар. Біріншісі – өзім жылқы жылы дүниеге келгем, ал екіншіден - қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Атам да ауылда жылқы өсіреді.
Аманжол: Ия, жылқылар ерекше ақылды жануар ғой. Маған да жылқа ұнайды.
Мұратбек: Ал саған неліктен жылқы малы ұнайды?
Аманжол: Жылқы - қасиетті жануар ғой. Бұрынғы кезде аңыз – дастандарды оқысақ, батырлардың жылқыларының аты болған екен. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Мұратбек: Ия, дұрыс айтасың.
Аманжол: Оның үстіне жылқының қымызы қырық ауруға ем деп айтып жатады.
Мұратбек: Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Аманжол: Кеше ғана ғаламтор беттерінен « жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан» дегенді оқып, жылқылардың адамдарға сондай пайдалы екеніне таң қалдым. Осындайды естідің бе?
Мұратбек: Жоқ, естімеппін. Ия, жылқы малы – қастерлі жануар ғой.
ОбБүгін соған мына біздер, Исатай мен Махамбеттің ұрпақтары жетіп отырмыз. Олай болса, Махамбет пен Исатайдың аруақтары алдында бас ие отырып, солар көрмей кеткен Тәуелсіздік туын тік ұстау – бабаларымыздың алдындағы парызымыз, бабаларымыздың алдындағы қарызымыз». Н.Ә. Назарбаев. ... Махамбет - әрі ақын, әрі сазгер, әрі шешен. Бұл ғажайып өнерлері өз алдына бір төбе, ол - өзі өмір бойы елінің қамын жеп, халық бақыты үшін күресіп өткен батыр. Махамбет Өтемісов 1836-1837 жылдары Бөкей Ордасындағы (Батыс Қазақстан облысы) сол кездегі үстем таптың қиянаты, озбырлығы, әділетсіздігіне қарсы халық көтерілісінің ұйымдастырушыларының, жетекшілерінің (И.Таймановпен бірге) бірі болдыъяснение: Махамбет Өтемісұлы – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатқан аса талантты тұлға. Ол тек адуынды ақын, тамаша сазгер, суырып салма шешен ғана емес, сонымен қатар өмір бойы елінің қамын жеп, халық бақыты үшін күресіп өткен батыр болған. Сол себепті де, Махамбет ақын өз өлеңдеріне халықтың арман-үмітін, қайғы-мұңын, биліктің әділетсіз озбырлығын арқау етті. Махамбеттің жырлары – Бөкейдегі халық зарының, билік заңының әдеби айнасы болды десе де болады. Еркіндік, елдік аңсаған халық көтерілісінің ұраншысы да, жыршысы да, шежірешісі де Махамбет болды. Ол Осы мақсатта Махамбет өзіне ерген қалың бұқараның сөзін сөйлеп, халықты қанаған, зорлықшыл билік өкілдеріне қасқайып қарсы тұрудан да тайынбаған. Бұл сөзімізге Махамбет Өтемісұлының «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» атты өлеңі айғақ болады.