Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдары аралығында латын графикасына негізделген әліпби жазу жүйесіне енгізілп, 1940 жылдан бері кирил әліпбиі қолданылып келеді.
Тарихи әліпбилер Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929 – 40 жылдары; 1960–1970 жылдары) қолданыста болған латын жазуы, кирилл жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынұлы реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірген. Қазақстанда 30-шы жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келген. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957 жыл, 1970 жыл) әртүрлі өзгерістер енгізілді. Кирилл негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр. Қазақтан бұрынғы замандағы әліпбилер
Есікті жазбасы Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (б.з.б. 5 ғ. шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы Кхароштхи жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған.
Тас жармаса, бас жарады.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.
Сүңгініңжарасыбітер,
Тілжарасы бітпес.
Басқа пәле тілден.
Тіл — тиексіз.
Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.
Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.
Піл көтермегенді
Тіл көтереді.
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.
Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар.
Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.
Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.
Аңдамай сөйлеген
Ауырмайөледі.
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.
Өтірікшінің шын сөзі зая.
Қатты айтсаң,
Қарындасыңажақпайсың.
Ақырынайтсаң,
Ақың кетеді.
Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.
ІІІешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Қаһарлы сөз — қамал бұзар.
Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді.
Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.
Ойнапсөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.
Шал,
Шалдың сөзі — бал.
Ұлы сөзде — ұят жоқ.
Сөз шындықты табар.
Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады.
Жақсы сөз — жарым ырыс.
Жаным десе — жан семіреді.
Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!
Жүйелі сөз —
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз —
Иесін табар.
Сөз жүйесін тапса —
Малиесінтабар.
Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.
Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.
Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса білектен кетеді.
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
Сөзің тәтті болсын,
Ашуың қатты болсын.
Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.
Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.
Өзі — шынашақтай,
Сөзі — келсаптай.
Сөздің басы — бір пышақ,
Аяғы — бір құшақ.
Сөйлемесе қайдан туады?
Сөз сөзден туады.
Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.
Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.
Көз көргенше,
Ауыз батыр, сөйлеп қал.
Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер
Сөз — бейнет болар,
Боз — көйлек болар.
Сөзіңді айт ұққанға
Айтып айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.
Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.
Көптің аузы — зеңбірек.
Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.
Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.
Ауызында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.