М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
maksukras
maksukras
22.06.2020 19:48 •  Қазақ тiлi

Айт-мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол ораза айт, Құрбан Айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1-3 күндері өтеді. Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз. Ораза айын рамазан айы деп те айтады. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке апарып береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алла тағаланың сөзін осы рамазан айында естіген. Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылықка бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. Қажылыққа баратын ай зұлхижа деп аталады. Құрбан айтта таңертеңгі айт намазынан кейін әр мұсылман мал сойып, құрбан шалады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құрбан шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын!» дейді. Айт күндері әр үйде дастарқан жайылып, таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттыктайды, «айттық» сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады. «Айт мүбәрәк болсын, айт мереке болсын! Айт құтты болсын! Айттын, жақсылығы бірге болсын!» деген жақсы тілектер айтылады. Айт күндері үлкен кіші сәнді киінеді, жеңіл-желпі ойын сауыққа тыйым салынбайды, бірақ дарақылыққа жол берілмейді. Ораза айт, Құрбан айт мейрамы қазақтар арасында ежелден ұлы мейрам санатына қосылып, адалдық, мейірбандық, қайырымдылық, ынтымақтастықтың көрінісіне айналды.

1.Есімше жұрнағы бар сөздерді теріп жаз.
2.Адалдық,мейірбандық,қайырымдылық,ынтымақтастық сөздерді сөз құрамына талда. (Түбір,жұрнақ,жалғау)​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
RedEdro
RedEdro
22.06.2020
Менің осы күнге дейінгі армандаған мамандығым кітапханашы мамандығы. Менің бұл мамандықты таңдаған себебім осы жұмыс маған өте жақын көрінді. Мен кітапханашы болуды бала күнімнен бері армандап келемін.Мен кітапханашы болу үшін білімімді жетілдіріп көп кітап оқуым керек деп санаймын.Мен бос уақытымда көптеген қызықты кітаптар оқимын .Осы кітаптарды оқу арқылы менің жан дүнием бір рахаттанып марқайып қалады.Мен кітапханашы мамандығын таңдауда еш қателеспеймін деп нық сеніммен айта аламын. Сол үшін кітапханашы мамандығы маған болашақта үлкен мәртәбе алып келетініне шексіз сенемін
4,8(57 оценок)
Ответ:
StarKiller11
StarKiller11
22.06.2020

Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды

4,8(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ