Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)
Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
1.Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. 2.Батырлар жыры - өткен ғасырдың батырларының бастан кешкен оқиғаларын (мысалға Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты) баяндайтын ауыз әдебиетінің асыл мұрасы. Лиро-эпостық жырларда сүйіспеншілік, махаббат тақарыбындағы жырларда халықтың тұрмысы, әдет-ғұрпы, адамның ішкі сезімі көбірек баяндалады. 4. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы,жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропамәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. 6.Қара сөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. 8.Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) –ақын, жазушы, философ, тарихшы,композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары.