Объяснение:
Күллі алаш жұртының даңқты перзенті, күрескер тұлғалы кемеңгер ақыны – Мағжан Жұмабаев (Әбілмағжан Бекенұлы). «Ақынның ақыны» атанған ойшыл қаламгер болашақ жайлы жиі ой қозғайтын. Бар болғаны қырық бес жыл ғұмыр кешкен (1893 жыл 25 маусым – 1938 жыл 19 наурыз) данышпан ақын барлық тақырыптарда өлеңдер мен ой- толғаулар жазған аса көрнекті дауылпаз азамат екені даусыз.Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыдыМағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.Мағжан бала кезінде ұшып-қонып бір жерде отыра алмайтын тас қайнаттың өзі болған. Қасында отыратын кісі табылмай қалса, шешесі кереуеттің аяғына байлап кетеді екен1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап "Педагогика" (1922, 1923), "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні" (1925) еңбектерін жазды.
Кенесары қозғалысының түрлі кезеңдерін қамтитын фольклорлық шығармалар өте көп. Олар жанрлық қырынан алғанда көлемді тарихи жырлар, ғашықтық мазмұндағы дастандар, кейіпкерлердің арман-аңсарларын аңдататын лирикалық өлеңдер, Кенесарының Арқа жұртымен қоштасуын бейнелейтін толғаулар, тəлімі мол тарихи аңыздар, хан Кене мен Наурызбай төренің қазасын жоқтауға арналған ғұрыптық жырлар болып келеді. Бұлардан басқа, күллі қазаққа аты мəлім ақындар шығарған туындылар да аз емес. Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбайы», Көкбайдың «Абылай- Кенесарысы», Нұрханның «Жасауыл қырғыны», Саяділдің «Кенесарысы», Досқожа ақынның «Қоштасу жыры», М. Сералиннің «То ан», Д. Əлімбаевтың «Кенесары» дастаны сияқты т.б. жырлар Кенесары қозғалысын бейнелеуге бағышталған авторлық шығармалар тізбегін құрайды. Бұл шығармалардың басым көпшілігі көтерілістен соң туған.
Бұған қоса, Кенесары мен Наурызбай туралы жазылған тарихи ғылыми еңбектерді бір-бірімен салыстыра отырып оқыған кісі өмірде болған жайдың шындығы мен қо айырып, тарихи шындықтың көркем шындыққа қалай айналғанына көз жеткізері анық.