• Алматыда тұратын досыңыз жазда Сізге Нұр-Сұлтан қаласына қонаққа келді. Ол Нұр-Сұлтан бойынша саяхат жасауды сұрады. Нұр-Сұлтан қаласындағы көрікті жерлер туралы толық ақпарат алғысы келеді. Нұр-Сұлтан қаласының әдемі жерлерімен таныстырып, сұхбат құрыңыз.
• Сіздің мектебіңізге атақты Олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиев келді. Ол мектеп оқушыларымен кездесті. Сізге Серік Сәпиевпен сұхбаттасып, оның өмір жолы туралы ақпарат алу деген тапсырма берілді. Жеңіске жеткен жолын сұрастырып, чемпионмен сұхбат құрыңыз.
Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды. Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
ШығармаларыӨңдеу"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы"Он алты жасар чемпион" (1951)"Бақыт жолы" (1952)"Алыстағы ауылда" (1953)"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965)."Дала жұлдызы" (1960)"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)"Гауһар" (1966) повестерін жазды."Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды."Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)"Әпенденің айласы" (1960)"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969)Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.
какой класс
Объяснение: