Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.
Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
Объяснение:
Бұрында Антон кедей болғанда , оны көрген адамдар оған аянышпен қарап , оған ақша қалдырып жатқан . Антон ол кедей үшін екенін өзін ақымақ , білімсіз , ештене істей алмайтын адам сияқты көрген . Бір кезде оны оған таныс емес адам оған кеңес айтты . Ол өзін қолына алып , сондай қалмай ететінің түсінді . Ол жұмыс істей бастады , кейін ода ақшалар болған . Ол бай адам болды . Енді ол өзінің кім болғанын және кім болған есіне алғанда , сол бейтаныс адамның кеңесінің маңыздылығын түсінеді Енді ол кедейлерге әрқашан көмектесіп жатыр .
Арықпенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсыменен жаманның жаны бірдей.
Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.
Атасы жақсы, көргенін айтады,
Атасы жаман, бергенін айтады.
Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.
Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.
Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп үйіне барма.
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың қолды ерітеді.