Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:
Жекеше түрі
І жақ–ым, -ім, -м
ІІ жақ-ың, -ің, -ң
-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.
Тәуелденудің екі түрі бар:
Оңаша тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Мысалы, Менің үй-ім, Сенің үй-ің, Сіздің үй-іңіз, Оның үй-і.
Ортақ тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы, Біздің үй-іміз, Сендердің үй-лерің, Сіздердің үй-леріңіз,
Олардың үй-і.
Тәуелденген сөз үнемі ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мысалы, Мектептің алды. Кейде бұл тіркестегі ілік септігінің жалғауы жасырын тұрады (Мектеп алды). Біздің,сіздің сөздерімен тіркескен сөздің тәуелдік жалғауы кейде түсіп қалады. Мысалы, Біздің ауылымыз – біздің ауыл, сіздің үйде т.б.
Ескерту: Кейде ілік септігіндегі жіктеу есімдіктері айтылмайды. Мысалы, Менің сөзімді тыңда – сөзімді тыңда.
3-жақтағы тәуелдік жалғауы заттың 3- жақтағы адамға қатысты екенін білдіреді. Мысалы, оның қаламы, және заттың басқа бір затқа қатысты екенін білдіреді. Мысалы, сыныптың есігі.
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.[1]
АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.