Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Морфология – тілдегі сөздердің тұлғасы, құрамы мен құрылысы, сөз таптары мен олардың түрлену жүйесі туралы ғылым. Ендеше морфологиялық талдаудың сатыларындағы тапсырмалар да осы мәселелерді қамтуы тиіс.
Морфологиялық талдау барысында атқарылатын жұмыс түрлері. Морфологиялық талдау жасауда жүзеге асырылатын жұмыстарды мазмұнына қарай төрт кезеңге бөлуге болады:
1-кезең: морфологиялық талдаудың нысанын (объектілерін) айқындап алу;
2-кезең: айқындалған талдау нысандарына морфемдік талдау жүргізу;
3-кезең: әрбір морфологиялық тұлғаның ерекшеліктеріне сатылай талдау жүргізу;
4-кезең: сатылардағы талдау нәтижелерін жинақтау.
Морфологиялық талдау берілген сөйлемдегі талдауға түсетін cөздерді, сөз тұлғаларын дұрыс айқындап алудан басталады. Талдаудың нысанына кез келген морфологиялық тұлға, кез келген морфема алынғанмен, ол тұлғалардың қай сатыда сөз болатынының маңызы зор. Морфемдік талдау барысында (талдаудың екінші кезеңінде) әр морфеманың аты аталып, түсі түгенделгенмен, олардың жеке қасиеттері үшінші кезеңде, сатылай талдау барысында әр сатыда айқындалады.
Морфологиялық талдау нысанын айқындау. Сөйлемде неше талдау нысаны бар екені сол сөйлемдегі әр сөзге жеке сұрақ қою арқылы реттеледі. Мысалы, Бала мектепке қарай келе жатыр деген сөйлемде бала, мектеп, кел сөздері ретіне қарай кім? не? не істе? деген сұрақтарға жауап бере алады. Ал қарай, жатыр сөздеріне жеке сұрақ қоя алмаймыз. Ендеше толық лексикалық мағынасы бар болғандықтан сұрақ қойылатын бала, мектеп, кел сөздері морфологиялық талдаудың үш бөлек нысанына айналады да, қарай, жатыр сөздері өздері жетектелген толық мағыналы сөзге грамматикалық мағына үстеп, оларды түрлендіруші болғандықтан, қай сөзге жетектелсе, сол сөзбен бірге талдауға түседі. Яғни, берілген сөйлемде үш талдау нысаны бар:
Бала;
мектепке қарай;
келе жатыр.
Объяснение: