Қыс. Аяз. Қалың қар, үскірік, боран. Адам мен жануарларды қыспаққа алатын бұл мезгілдің өзіндік сұлулығы мен жақсылығы да бар. Тек соны көре білсең. Бойыңды сергітер, денеңді шымырлатар қыстың суығынан тазалық лебі еседі. Шынында да қыс — ең таза маусым. Жер бетін айқара жапқан ақ қар — тазалық символы.Әлемдегі ең табиғи ақ нәрсе — ақ қар. Сондықтан кейде адамдардың шынайы ақ ниетін жаңа жауған кіршіксіз ақ қарға теңеп жатады. Қыстың табиғаты — теңдессіз әсем көрініс. Айнала аппақ, көз жетер жердің бәрін алып ақ көрпемен қаптап қойғандай. Ақ жамылғы сонымен қатар қансонар кітабы тәрізді. Аң мен құстың іздері анық сайрап жатады. Аңшылар ізбен жазылған бұл кітапқа қарап із кеседі. Қар — береке. Қыста қар мол жауса, жазда егін мен шөп бітік шығады.
Бәрінен де қыстық ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қар атысып, аққала жасау ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып үйде отырған баланы көрмейсің,бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнауда. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Мен өскен туған өлкемнің қысы да әсем. Күрті жазығында ақ көрпе жамылып, көсіліп жатқан кең дала. Халқымыздың пейілі қыстың күнгі ақ қардай кіршіксіз, таза бола бергей
Мен қысқы демалысымды өте жақсы өткіздім.Демалыстын алғашқы күндері біз отбасымызбен жаңа жылды тойладық.Жаңа жылда өте көңілді болды.Біз отшашу аттық,биледік,керемет кешкі ас жасадық жәнеде бір бірімізге сыйлықтар сыйладық.Одан кейінгі күндері менің бос уақытым өте көп болды.Бос уақымдыда мен бекерге өткізген жоқпын.Ол уақыттарда мен кітап оқуға,өзімді дамытуға жұмсадым.Бос уақытымды достарыммен де жұмсадым,олармен бірге уақыт өткізу өте қызықты.Біз конькиге,шана тебуге бардық,бәріміз жиналып әртүрлі қызықты ойындар ойнадық.