Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893–1920) - 28 қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған. 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады.
1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады.
Алматы метросы — Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы 16-жерасты жолы болмақ. Әзiрге жетi стансадан тұратын метро желiсiнiң жалпы ұзындығы 8,56 шақырымды құрап отыр. Алматы метросына осы көрсеткiшi арқылы ғана «Гиннестiң рекордтар кiтабына» енуге болады. Бүгiнгi таңда ең қысқа метро ретiнде «Гиннестiң рекордтар кiтабына» 7 стансаның басын бiрiктiрiп, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрап отырған Екатеринбург қаласының метросы енiп отыр. Алғашында 32 стансаға жоспарланған метрополитен тоқырау жылдары қаржының тапшылығынан банкротқа ұшыраған болатын. КСРО-ның тұсында алғашқы топырағы шығарылған Екатеринбург (Свердловск) метросының 22 жыл салынғанын ескерсек, Тәуелсiздiгiмiздiң елең- алаңында ғана түрен салынған Алматы метросының бүгiнгi күнiне тәубе деуге болатындай. 23 жылға созылды десек те, соңғы 10 жылда құрылысы жандана түскен метроның әлемдiк сипатына әлем таңданатындай болады десек, артық айтқандық емес.Лондон метросы – қарт Еуропадағы ең ежелгi метро
Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев – замандас ақындар. Сондықтан болар, бір-бірімен тығыз байланысты. Екі
тақырып – халық жайлы ерекше жыр толғайды. «Қазақ поэзиясының алыбы» атанған Жамбыл мен қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абайдың арасында
бар.
ортақ ерекшеліктер
қаншама
жасына Абай жетпегенмен, замандасы секілді ұлы көтерілістер мен соғыстың куәсі болмаса да, ол өзі өмір кешкен ғұмыры бойына өз заманының қатігез басқыншыларын, халықты қанаған
болатын. Жамбыл:
«Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Қарсы келер Абайдың кім бетіне!»
-дей отырып, Абай құдіретін
шығармаларынан нәр алған. Мұхтар Әуезов Абай жайлы «Абай үні, Абай лебі,
тынысы,
заман
–
тынысы
Абай
ақындарының алтын діңгегі» деп
Жамбылдың бүкіл халыққа, әріптестеріне, ұрпақтарына үлгі тұтарлық, сыйлы да қадірлі жандар болғанын ұғынамыз. .