Үзіндінің қолданылу мақсатын анықта. Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан,
Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?
Баянның айбынды батыр типіне жататын кейіпкер екендігін білдіру мақсатында
Кейіпкер мүмкіндігінің шексіз екендігін білдіру мақсатында
Баянның қорқақтығын білдіру мақсатында
Қалмақтардың қорқынышын білдіру мақсатында
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.