Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Атазаң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.
Алматы теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы — Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында.
Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік гербын әшекейлеген барс жатады. Тау баурайында дәнді, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады.
Қала 170 шаршы км. астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің торабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы бүгінде, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді.
Алматы — елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.
Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктебенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.
28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.
Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А. Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша қ жер сілкінісіне төтеп берген.
Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы — Шота Уалиханов. Монументтің ұшында барсқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.
А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей — республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.
Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан
Болашақ мамандығым – мұғалім.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым мұғалім болу. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Ұстаз – мектептің басты тұлғасы, жүрегі десек те болады.
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге барынша қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенетіндіктен, Елбасымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Менің болашақ мамандығым - қаржыгер
Біз 21 ғасыр жастары-болашағы жарқын, рухани байлығы мол, күн сайын жаңа белестерге шығып, гүлденіп келе жатқан мемлекеттің тұрғындарымыз.
Қазақстан туған жеріміз, туып өскен еліміз. Әр казақстандықтың жүрегінде өз елім үшін қызмет етсем екен,дамуына көмек берсем екен деген ой қалыптасуы тиіс. Ата-бабаларымыз жас ұрпақтың болашағы үшін өз өмірлерімен қош айтысып, жері үшін,елі үшін күрескен. Енді келесі кезек біздерде. Алдымызға қойылатын негізгі міндеттеріміз жақсы білім алып, келешекте жақсы маман атанып, еңбегімізді аямай, қызмет жасауымыз керек. Еліміздің жағдайын біз жас қазақстандықтар? ойламасақ, басқа біреу ойлайды ма?!
Қазіргі таңда жас мамандарды даярлау үшін барлық мүміндіктер жасалуда. Жаңа технологиялар, оқулықтар, мектептер, университеттер осының барлығы білім саласын нығайту үшін қарқынды дамуда.
Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады.
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт.
Мамандықтар әлемі өте бай және әр алуан. Техникалық прогрестер, әлеуметтік сұраныстар мен көптеген факторлар жаңа мамандықтардың пайда болуына әсерін тиігізіп жатыр.
Менің таңдаған мамаңдығым- қаржыгер. Бірінші кезекте не себепті қаржыгер мамандығына таңдауым түсті деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап қайтару үшін таңдаған мамаңдығымның жалпы сипаттамасын және де ерекшеліктерін айтып өткім келеді.
Қаржыгер-қаржы саласында жұмыс істеп, ақша қаражаттарының дұрыс жұмсалуын қадағалап, табысты көздейтін маман.
Басқа сөздермен айтсақ, қаржыгер бұл- банкирлер, инвесторлар трейдерлер,биржа жұмыскерлері,қаржы директорлары,салық инспекциясының жұмыскерлері,қаржылық менеджерлер,есепшілер мен аудиторлар.
Қаржы саласын меңгере отырып, бұл саланы түсіну өте маңызды. Ақша қаражаттарымен жұмыс жасай білу әр қаржыгердің бойында болуы тиіс.
"Медеу" муз айдыны,Коктобе,Шымбулак,сэулетти гимараттар Жэне коптеген эдеми демалыс орындар бар.
Ну буквы ;) исправишь на казахские