Астана туралы сұрақтар құрастыру (жауаптарымен).
Еліміздің бас қаласы? Астана қаласы.
Астананың бұрынғы атауы? Ақмола қаласы.
Қаланың атауы қашан өзгертілді? Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.
Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? Есіл өзенінің бойында.
Астана «әлем қаласы» атағын қай жылы алды? 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Елордамызда Халықаралық EXPO көрмесі қашан өткізілді? Халықаралық EXPO көрмесі 2017 жылы өткізілді.
Объяснение:
1. Қасым Қайсенов туралы не білдіңдер?
Қазақстанның халық қаһарманы, партизан жазушы, полковник Қасым Қайсенов 1918 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында туған.
2. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді?
Шығармадағы оқиға соғыс болған кезеңді суреттейді.
3. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесіңдер?
Екінші дүниежүзілік соғыс 1941-1945 жылдар арасында болды. Бұл соғысқа батыр Б.Момышұлы, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова ата-апаларымыз қатысқан.
4. Қазақ баласы Серіктің тағдыры қандай күйге ұшырады?
Қазақ баласы Серіктің өмірі өлім мен өмірдің ортасында болды.
5. Анна Ивановна деген кім, Серікке оның қандай көмегі тиді?
Анна Ивановна - адамгершілігі мол адам. Ол Серікті өз алақанына алып, өзінің ұлы Бориспен бірге өсіреді.