М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mariapogorelova
mariapogorelova
03.06.2023 22:02 •  Қазақ тiлi

Қазақстан тарих Жанқожа Нұрмұхамедұлы – төменгі Сыр бойында ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырған басшы, батыр
Шекті руының билеушісі Жанқожа батыр Сыр бойындағы қазақтарды Қоқан, Хиуа хандықтарының экспансиясына қарсы жұмылдырды. XIX ғасырдың ортасына дейін хиуалықтар Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жерлерді, қоқандықтар Ақмешітке дейінгі жерлерді бақылауда ұстады. Жанқожа батыр Орталық Азияға қарай жылжып келе жатқан Ресейдің көмегіне сүйеніп, өз қарамағындағы қазақтарды оңтүстіктегі көршілердің озбырлығынан қорғауды ойлады. Ресей билігі батырға жасауыл деген атақ берді. Бірақ Жанқожа атақтан, бағалы сыйлықтан бас тартты.

Хиуа ханы 1847 жылдың тамыз айы мен 1848 жылдың наурыз айында 6 мың әскермен Сырдың екі жағындағы елге жойқын жорықтар ұйымдастырды. Жанқожа Нұрмұхамедұлы Хиуа ханының ұлы Мұхаммед Рақым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуына орай 1843 жылдың өзінде-ақ Қуаңдариядағы Хиуа бекінісін қиратып, 1845 жылдың көктемінде қиратылған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген 2000 адамға жуық хиуалық отрядты талқандаған еді. Жанқожа әскері Жаңақала бекінісін алды. 1847–1848 жылдары ол Райым бекінісі маңында хиуалықтарға тойтарыс берді.

Есет батыр бастаған көтеріліс

Арал теңізінің солтүстік жағалауына жақын қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын Есет Көтібарұлы басқарды. Есет батыр бастаған көтеріліс 1838 жылы оның Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек бекінісіне шабуылынан басталды.

Ал 1847–1848 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірігіп Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Бұл көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. 1847 жылы шілдеде Ембі өзені аймағында Есет Көтібарұлы өзінің жасағымен 200 казактан тұратын Орынбор мен Омбының жазалаушы отрядына шабуыл жасады.

Алайда нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіске жете алмады. Қайткен күнде де Есетті қолға түсіріп, оған Патша үкіметінің билігін мойындатуды мақсат еткен Орынбор билеушілері үсті-үстіне жазалаушы жасақ жіберді. 1855 жылы Есет батыр билеуші әкімшіліктің қолшоқпары сұлтан Арыстан Жантөреұлын өлтірді. 1858 жылы амалсыз Орынборда Патша үкіметінің билігін мойындауға мәжбүр болды

Мәтінді талдау сұрақтар:
-Тұлғалардың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
-Әр тұлғаға қандай ерекшелік тән?
-Сіз тұлғалардың қандай қасиетін жақтап, қандай қасиетін даттар едіңіз?
-Сіз қандай қорытындыға келдіңіз?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Ionely
Ionely
03.06.2023

ответ:Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Объяснение:

4,6(93 оценок)
Ответ:
zerg314
zerg314
03.06.2023

қасқыр қайтеді:

Ел ішінде қасқыр жайында айтылатын қызықты әңгімелер, аңыздар көп. Оның ерекшеліктері туралы естіген сайын таңқаласыз. Әлеуметтік желінің Салтанат Естаева есімді қолданушысы да бұл аңның бір ерекшелігі жөнінде естіп, таңқалыпты, сосын жұртшылық ортасына мынадай сауал тастапты: 

«Ұрғашы қасқыр өлсе, арланы оған адалдығын өмірінің соңына дейін сақтайды. Ал арланы өлсе, ұрғашысы басқасымен кетеді екен. Неге? Осыны естіп, таңқалдым

тиін қайтеді;

тиін ағаштан ағашқа секіріп жүреді өзіңнін азығын тауып

қоян қайтеді

Қоянды Антарктидан басқа барлық континеттен кездестіруге болады. 

Кеңінен тараған түсінікке қарамастан, қояндар ет жемейтін жануар емес. Олар етті ынталана жейді.

Сонымен қатар, қояндар біз ойлағандай зиянсыз жануар емес. Олардың өткір тырнақтары бар күшті артқы аяқтары – нағыз қорқынышты қару. Әрине, қоянның сипаты мынадай: олар тек тығырыққа тірелгенде ғана қорғанады. Әйтпесе, ол өзін қуған қауіптен барынша қашып құтылуға тырысады.

4,4(78 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ