Компьютер - жаңа технологиялардың бірі болып табылады. Оның адамға тигізер пайдасы өте көп. Оқушы компьютерді өзінің сабағына пайдалануына мүмкіндігі зор. Таза, ұқыпты жазылуға тиіс рефераттар мен баяндамаларды жазу, оларды қағаз бетіне басып шығару - барлығы компьютер арқылы жүзеге асады. Алайда компьютер алдына көп отырсаң, онымен бірге келетін зиян да көп. Мысалы: көздің көруі нашарлайды, омыртқа қисайып, жүйкеге салмақ түседі де адам әлсіз, шаршағыш болады. Сондықтан компьютерді өз уақытымен, өз орнымен пайдалану керек.
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Одан бөлек, ғаламтор - нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.