Объяснение:
Тыныс белгілерінің айтысы.
Бір күні нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі, үтір,
сызықша, қос нүкте кездесіп қалыпты. әрқашан өзін
тыныс белгілерінің ішінде біріншімін деп санайтын
нүкте:
Мен белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты
қойыламын, дұрыс қойылмайтын болсам, сөйлем
түсініксіз болып шығады, не екінші бңр мағына
туындайды. Мен дүниедегі бар сөйлемдерден кейін
қойыламын, менен асқан кім бар? – деді.
Керемет, керемет, - деді сұрақ белгісі, - не,
жауап күту мақсатымен айтылған сұрау мәнді
сөйлемге де сен қойыласың ба?
Жоқ, мен сендерден де қажеттімін. Адамның
әр түрлі көңіл-күйін: қуанышты, сүйінішті, өкінішті,
ренішті, бұйрықты, зекіруді т.б. білдіретін, ерекше
көтеріңкі дауыспен айтылған сөйлемдерге сендер
келесіңдер ме? Жоқ, ең кереметі менмін! - деді леп
белгісі.
Тоқтат, тоқтай тұрыңдар! - деді кенеттен үтір.
– Біз де босқа жүргеніміз жоқ. Сендер ойдың
аяқталуына байланысты болсын, белгілі мақсатпен
болсын, адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты
қойылсаңдар да мейлі. Енді бізге сөз кезегін беріңдер.
Үтір, сызықша, қос нүкте сөз кезегін алды:
Біз де тыныс белгілерінің ішінде жиі
қолданамыз. Сөйлемнің құрылысына, мағынасына,
интонацияға байланысты қойыламыз.
Бос әңгіменің не керегі бар, -деді қос нүкте, -
ерік беріп қойса мақтанады-ақ екенбіз. Әркім өз
орнын біліп, қызметін атқара берсін, сонда ол
мақтауға тұрады.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан «Лайка» атты ит туралы естіп, білдік. Ол ақылды ит болған екен. Сосын ғарыш жайлы бейнеролик көрдік, сөзжұмбақ, жұмбақ шешіп, өлеңдер оқыдық, постер арқылы түсінгендерімізді айттық. Ғарышкер болу оңай емес екен. Біліміңмен қатар денсаулық та мықты болу керек. Денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болу керек. Біз бәріміз де ғарышкер болғымыз келді. Жақсы оқып, тәрбиелі болсақ, ізденсек, денсаулығымыз мықты болып, спортпен айналыссақ, ғарышқа ұшуға жол ашық екен. Сөйтіп, бәріміз де есейгенде ғарышкер боламыз деп шештік!