М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
NastasS4
NastasS4
06.01.2020 09:39 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңыз.Вместо многоточие вставьте нужные слова.
1. Ахмет Байтұрсынұлы- алаш ... бірі.
2. Алматы қаласында ... мұражай үйі бар.
3. Мұражай А.Байтұрсынұлы және Жамбыл көшелерінің қиылысында ... .
4. Бұл үйде Ахмет Байтұрсынұлы ... тұрған.
5. Ғалым алғаш рет қазақ лингвистикасының ... ұсынды.
6. Ол араб жазуы негізінде ... жасады.
7. Ол- «Ұлт ұстазы» деген атаққа ... тұлға.

Қажетті сөздер: көсемдерінің, 1934 жылдары, ғалымның, қазақ әліпбиін, терминдерін, орналасқан, ие болған.

УМОЛЯЮ!

👇
Ответ:
equillirum
equillirum
06.01.2020

1.көсемдерінің

2.ғалымның

3 орналасқан

4.1934 жылдары

5.терминдерін

6.қазақ әліпбиін

7.ие болған

4,4(26 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
melnushyk099
melnushyk099
06.01.2020
Әлия Молдағұлова (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы (20.4.1924, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 15.5 1944, Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
4,4(56 оценок)
Ответ:
Linamalinagamnina
Linamalinagamnina
06.01.2020

Болашақ мамандығым - дизайнер.

Болашақ жайлы ойлағанымды мені жиі "қандай мамандық иесі боламын?" деген сұрақ мазалайды. Қай мамандықты алып қарасақ та өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары болады. Біреулер керемет дәрігер болса, енді басқалары ұлағатты ұстаз болады, ал менің арманым дизайнер болу,  атап айтқанда киім дизайнері болуды армандаймын. Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Сондықтан, бес саусағынан бал тамған, ісмер дизайнер әрі тігінші болсам, мен өзіме және отбасыма қажетті сәнді және күнделікті киімдерді тігіп беруші едім. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар мен жейделер. Ал, менің еңбегімді ұнатып, тапсырыс беретін жандар табылса, онда өзіме ұнаған іспен айналысып қана қоймай, ақша табатын едім. Сәннен қалмай әдемі киімдер тігу үшін үнемі біліміңді шыңдап, сән әлеміндегі жаңалықтардан да хабардар болу керек. Мен болашақта сән әлемінің астанасы саналатын Милан және Париж қалаларында өзімнің сән апталығымды өткізсем деп армандаймын.

4,7(33 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ