М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Cyndyma
Cyndyma
04.05.2022 21:57 •  Қазақ тiлi

7-тапсырма 33-бет "Астана - арман қала" атты тақырыпта мәтін құра. (Составь текст на тему "Астана - арман қала") 5 предложений ​

👇
Ответ:
kazan20001202
kazan20001202
04.05.2022
Әр елдің астанасы- мемлекеттің алтын бесігі болып табылады. Өйткені ол мемлекеттің бет-бейнесі, оның жүрегі. Ал біздің Елордамыз Астана күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Ол- болашақтың қаласы, ел тәуелсіздігінің ордасы. Адамзат тарихында астанасын жаңартқан мемлекет аз емес. Ғасырлар бойғы бабалар арманын төрт-бес жылда Астанадай қала салған мемлекет болған емес. Біз Елбасының сындарлы саясатының арқасында жаңа ғасырға, мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасында егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке, жаңаша керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамыз бен көкте қалықтаған қырандай желбіреге көк туымызды көргенде, әуелеп ұшқан әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ сезім билері анық. Мұны көру мен сезіну мен үшін үлкен бақыт! Аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденіп, тәуелсіздігіміздің тірегі, отанымыздың жүрегі болған Астананы көрудің өзі бір ғанибет. Ол еліміз үшін жаңа дәуірдің жаңа парағын ашқанмен пара-пар болып, егемен ел екенімізді айғақтап тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала болған Астана-өнер, білім және мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды. Бұл көрмеде мемлекетіміз өзінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Мұндай іс-шараға әлемнен милиондағн адам қатысады. Міне, осылайша әлемге өзін мойндата, күн сайын құлпырып келе жатқан Астанамыз бүгінде арманы асқақ, бағыты айқан арғымаққа мінген бозбаладай, әсем таранып, сұлулана түскен бойжеткендей сылаң қаққан Астананың болашағы зор. Осындай еңселі ордамыз бар біз бақытты ұрпақпыз.

Көшіріп жазсаң болады сөйлемдерді
4,5(24 оценок)
Ответ:
DarthRevan8
DarthRevan8
04.05.2022
биыл 20 емес 25 жыл сол жерін дұрстай сал
7-тапсырма 33-бет Астана - арман қала атты тақырыпта мәтін құра. (Составь текст на тему Астана -
4,6(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nurikparik
nurikparik
04.05.2022

Түрік қағанаты (Old Turkic letter UK.svgOld Turkic letter R2.svgOld Turkic letter U.svgOld Turkic letter T2.svg Old Turkic letter K.svgOld Turkic letter U.svgOld Turkic letter UK.svg) — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.[1]

Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен.[2]

Мазмұны

1 Түрік этнонимы

2 Тарихы

2.1 Қалыптасуы

2.2 Түркі қағанаты

3 Сыртқы саясаты

4 Түркі тайпаларының діні

5 Түркі мәдениеті

6 Дереккөздер

Түрік этнонимы

«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй кінәздігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. Қытайлар түріктерді сүнну-ғұндар деп атаған. Түрік этнонимі ежелгі Көк түріктеріне тән. Оны түркиялық түріктермен шатастырмау керек. Оларды Осман түріктері деп атаған жөн. Ал бүгінгі күндегі кең қолданылып жүрген түркі сөзі - жасанды сөз. Ресей ғалымдары көк түріктерді осман түріктерімен шатастырмау үшін тюрк сөзін ойлап тапқан. Кейіннен қазақ ғалымдары да ресейлік әріптестерінен қалыспай тюрк сөзін өздерінше түркі деп аударып алады.

Тарихы

Қалыптасуы

Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси қартасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жеткен.

VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан.

Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды.

Түркі қағанаты

Объяснение:

4,8(26 оценок)
Ответ:
1234234421
1234234421
04.05.2022

Тез жүгіретін жануарлар.

1. Қабылан - жылдамдығы сағатына 114 км.

2. Айырмүйіз, жылдамдығы сағатына 86 км.

3. Көк бөкенде жылдамдығы сағатына 80 км.

4. Арыстан болса, жылдамдығымен барлық киіктерге жетіп алады. Сағатына 80 км.

5. Спрингбок киігі. жылдамдығы сағатына 80 км.

6. Грант қарақұйрығы. Жылдамдығы сағатына 76 км.

7. Томсондық қарақұйрық сағатына 76 км жылдамдықпен қаша алады.

8. Американдық бәге аты, жылдамдығы - сағатына 76км.

9. Бұғы. Жылдамдығы жағынан қоян мен бірдей, сағатына 72 км.

10. Қоян. Сағатына 72 км жылдақдықпен жүгіре алады.

4,8(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ