– Мен Балтамын, Балтамын, Еңбек күйін тартамын.
Екінші бір мамандық
Алмағанға бар таңым.
Жаз ба, күз бе, қыс мейлі,
Шебер қолдан түспеймін.
Балға жоқта балғаның
Қызметін де істеймін.
Бұл әңгіме тосын-ды.
Оған Оқтау қосылды:
- Бар екінші өнерім,
Қолдаймын мен досымды.
Тек нан илеп қоймаймын,
Мен де көп ой ойлаймын.
Тоқпақ болып, тентектің
Төбесінде ойнаймын!
- Екінші өнер керемет!
Маған да сол керек ед.
Икемделдім, – деп қойды
Кресло-кереует...
– Алса қолға шеберің,
Болмас маған теңерің.
Неше түрлі ағашты
Қашау – менің өнерім, –
Деді Қашау, – ғұрыпты
Бұзбай атам жүріпті.
Ал мен болсам, қосымша
Бұрай алам шурупты!
- Көкке қолын жайғандар,
Ойланыңдар, ойлаңдар! –
Деді екінші мамандық
Алған құрал-саймандар.
Қадыр Мырза әлівильянди evanix газета
Өлеңдегі негізгі ойды тап
1) болғанымен – баяндауыш (не істегенімен?), балалар – бастауыш (кімдер?), көп – пысықтауыш (қаншалықты?), талантты – анықтауыш (қандай?), елде – пысықтауыш (қайда?).
2) екенін айтыпты – баяндауыш (не істепті?), оған – толықтауыш (кімге?), қазір – пысықтауыш (қашан?), өзінің – анықтауыш (кімнің?), кедей – анықтауыш (қандай?);
көріп – баяндауыш (не істеп?), жігіт – бастауыш (кім?), бір – пысықтауыш (қай?), өзінің – анықтауыш (кімнің?), мұғалімін – толықтауыш (кімін?)
3) іздеп табады – баяндауыш (не істейді?), бақыт – бастауыш (не?), сізді – толықтауыш (кімді?), өзі-ақ – пысықтауыш (қалай?);
салсаңыз – баяндауыш (не істесеңіз?), сіз – бастауыш (кім?), еңбекке – пысықтауыш (қайда?), өзіңіздің барлық – анықтауыш (қандай?), жан-тәніңізді – толықтауыш (нені?), егер – шылау.