Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.
мұхтар мұқанұлы мағауин (2 ақпан 1940, баршатас ауылы, аягөз ауданы, шығыс қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. филология ғылымдарының докторы, мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), қазақстанның халық жазушысы (1996)1967-1971 жылдары "жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, қазақ кср ғылым академиясының м.әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, мәскеуде м.горький атындағы әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
.
шындығында хот-дог – Францияда, картошка-фри Бельгияда, гамбургер – Германияда дүниеге келген.
Италиялық спагетти мен фрикадельки бұл елдің өзіне қарағанда Америкада танымалдырақ. Италия асханасына тамыры терең сіңген пицца Италияда дүниеге келген деген стереотипке қарамастан, оның дүниеге келген жері Греция болып табылады.
Аты танымал «Грек салаты» әлем бойынша түрлі құрамда дайындалғанымен, оны гректердің асханасынан таба алмайсыз. Сонымен қатар, грек жаңғағын біз Грекиядан деп ойлаймыз. Өйткені ол өзге елдерге Византия арқылы тарай бастаған. Алайда оның Отаны Азия саналады. Ежелгі грекиялық ғалым Теофраст оны парсы жаңғағы деп атаған.
Дөнер десе ең алдымен түрік елі еске түседі. Алайда оның дүниеге келген жері Берлин. Дөнерді ең алғаш рет 1971 жылы Берлинде тұратын Махмұт Айгүн есімді түрік азаматы жасаған.
ЖАПОНИЯ
Бүгінгі күні әлем бойныша Жапонияның ең танымал ұлттық тағамы ретінде танымал сушидің дүниеге келген жері Қытай. Б.з.д 4 ғасырда қытайлықтар балықты ұзақ сақтау үшін оны тазалап, күрішке салып қояды екен. Алайда балықты жейтін кезде сыртындағы күрішті алып тастайтын болған. Дәл осы тәсілден дүниеге суши келген.
Қазы қартаның дүниеге келген жері Қазақстан.