М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
tanchik2511
tanchik2511
13.03.2020 20:37 •  Қазақ тiлi

проскланяйте по падежам:
Дән,бидай,ұн,қамыр,нан,
наубайшы.​

👇
Ответ:
habital
habital
13.03.2020

Зат есім: Дəн,бай,ұн,қамыр нан,наубайшы.

Сұрақтары:Дəн-не? бидай-не? ұн-не?қамыр-не? нан-не? наубайшы-кім?

4,4(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
марьям2789
марьям2789
13.03.2020
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

4,8(79 оценок)
Ответ:
almazina1
almazina1
13.03.2020
Туған күнді көпшілігіміз асыға күтеміз. Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады. Туған күнді тойлау қайдан шықты? Осы сұраққа Қамшы ақпараттық агенттігі жауап іздеп көрді.

Тарихқа үңілсек, ертеде фараондар «Құдайдың балалары» болып есептелді, олардың дүниеге келген күндері мемелекеттік мереке саналатын. Бұл атаулы күнде әрбір тұрғын патшаға шамасы жеткен ең бағалы сыйлық әкелетін. Патшайымдардың туған күнінде әрбір қызметкер патшайымды таңғалдыру үшін адам татып көрмеген жеміс-жидектерді алыс-алыс жерлерден алдыратын. Патшаға арнап ең әдемі жануарларды құрбандыққа шалу ерекеше құрметтің белгісі болып есептелген. Осыдан кейін, халық өздерінің отбасындағы басты тұлғаның дүниеге келген мерзімін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осылайша, туған күн қоғамның әрбір мүшесі үшін аталуы күнге айналған.

Біздің бүгінгі күнде туған күнді тортпен өткізу дәстүрі неміс халқынан шыққан. Олар туған күн иесін ерте оятып, шақырылған қонақтарға бірге дайындалып, кешкі ас басталмас бұрын үйдің отанасы әзірлеген бәлішке балауыз орнатып, туған күн иесіне ұсынған. Туған күн иесі ішінен тілек айтып, балауызды өшірген. Осы сәт салтанатты отбасылық дастарханның ашылу белгісі болып есептелген.

Ежелден, шіркеу секілді діни орындар туған күн тойлауға рұқсат бермеген. Себебі, адам жасы қаншалықты ұлғайса, оның күнәлары да соншалықты көп болады. Мұндай жағдайды тойлату дұрыс емес деп есептелген. Қайта өрлеу дәуірінен бастап, аталған ырымды басқаша түсіндірушілер пайда болды: адамға бір жас қосылса, ол Құдайға бір табан жақындайды. Қазірге дейін, осы дәстүр бойынша әртүрлі діндерде туған күнді жылы лебіздер айтып, жақын адамдар арасында тойлауға рұқсат берілген. Алайда, оны шулатып, алькогольді пайдаланып, ес кеткенше тойлатуға ешқандай дінде рұқсат берілмеген.
4,6(57 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ