Әлемде сөзбен жеткізе алмайтын, сырға толы әсем де таңғажайып жерлер көп. Соның ішіндегі ең ерекше құбылыстарды Массагет оқырмандарына қызық болады деген оймен ұсынып отырмыз.
Жануарлардан тұратын жаңбыр – әлемнің көптеген елдерінде тіркелген болса да, өте сирек кездесетін метеорологиялық феномен болып есептеледі. Алайда Гондурас халқы үшін бұл үйреншікті құбылыс ретінде қалыптасқан. Әр жылдың мамыр, шілде айларында аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай жарқырап, күн күркіреп, қатты жел соғып, 2-3 сағат жаңбыр жауады...
Жаңбыр аяқталысымен, жерде жүздеген тірі балық денелері жатады. Кейін халық оны жинап, қуырып жейді екен.
Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдердеайтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсықжәне сабада дайындаған.
Қымыздың сапасы ең алдыменұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.
Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiкқабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.