Берілген сұрақтардың жауаптары.
1. Бір күні бай жылқысын көлге суаруға келгенде суда жүзіп жүрген өкпені көріп, оны құрықпен түрткен кезде ол жалмауыз кемпірге айналады.
2. "Жалғыз балаңды бер" деп шарт қояды.
3. Ертесіне көшкен кезде баласының алтын сақасын жұртқа қалдырып кетеді.
4. Бала қоытр тайды таңдайды.
5. Бала өзінің алтын сақасының ошақтың басындағы тезек түбінде жатқангың көріп, сақаның жанында отырған жалмауыз кемпірге алып беруін өтінеді.
6. Баланың тайы сақаның жанына жата қалады.
7. Жалмауыз кемпір баланы тұра қуады. Жете алмаған соң, тістерін бір - бірден жұлып алып, атып жіберіп, тайдың аяқтарын бір - бірден жұлып түсіреді.
8. Түлкі мен қарлығаш.
9. Қарлығаш құсы.
10. Баланың төбеттері жалмауыз кемпірді талап, осылайшы оны құтқарады.
11. Ол шешесін иттер талағанын көріп, іздер бойынша байдың қотанына келеді.
12. Төбеттерінің әлі жетпеген соң бала садағымен атып өлтіріп, осылайша жалмауыздан мәңгі құтылған екен.
Қазақ әдебиетінің көгінде жарық жұлдыздай жарқ еткен, Абайдан кейінгі реалист ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров. “Болар бала болмысынан белгілі” демекші, Сұлтанмахмұт жасынан ізденгіш, алғыр бала болып өседі. Қазақ әдебиеттану ғылымының ардагер абыздарының бірі Б.Кенжебаев: “Сұлтанмахмұт мейлінше зерек, алғыр, мейлінше пайымшыл болды. Ол алты жасында хат таныды, ер жеткен соң орыс тілін, орыс әдебиетін, бір сыпыра пәндерді, қоғамдық әлеуметтік мәселелерді өздігінен оқыды Ол көбінесе ғылым иелерінің, ақыл-ой кемеңгерлерінің, философтардың шығармаларын оқыды, тарих, саясат туралы мәнді, бағалы ой-пікір айтты”,- деген еді. Ол жасынан ауыл молдаларынан ескіше білім алады. Сұлтанмахмұттың ақындық жолға түсуіне ықпал еткен Мұқан мен Нұрғали деген молдалар еді. Мұқаннан өлең сөз туралы тәлім алса, Нұрғалидан орыс және шығыс әдебиетінің үлгілері туралы білім алады.
Екі жасында анасы дүниеден озып, жетім қалады. Жоқшылықпен қоса жетімдіктің де тақсіретін тартып өседі. Білімге деген құштарлығы оны ғылым белестері мен асуларына құлшындыра жетелейді. Өмірдің бар қиыншылығы мен азапты асуларына кездессе де, мойымаған болашақ ақын “білім теңізіне” бойлап, өшпес білім, зор рухани қуат алғысы келетін. Бұл халін өзінің “Өмірімнің уәдесі” өлеңінде айқын суреттеп жазады.