Менің әжем менің өмірімдегі ең қадірлі адам. Әже деген ардақты есім ғой шіркін! Дүниеге шыр етіп келгеніңнен әлпештеп қарайтын анаңнан кейінгі адам емес пе? Әже деген ардакты есім -көп нарсенің мәні деп білемін.Әже - ардақты ана, аяулы тұлға. Баласынан немересі артық дейді... Немересін тумсықтыға қақтырмай, бар білгенін уйретіп өсіреді емес пе?! Әже - небәрі уш-ак әріптен туратын бұл ардақты есім, улкен бир тылсым сезімді білдіреді. Әжем маған әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін және үнемі қасымда болып, қызығымызды көріп жүре бергенін қалаймын. Әрдайым өзінің ертегісіне тарбиелі әңгімелерін қосып айтып, баласын барынша тәрбиеге баулиды. Әжемізді кунде қуантудың бір жолы бар: айткан тілді алып, сабакты жақсы оқып журсек, әжеміз бір марқайып калар еді. Қанша қателік жасасақ та кешіре білетін жанымызға жақын адам - ол аяулы әжеміз. Сондықтан да жанымызда барында қадірлеп, айтқан тілін алып, бағалай білуіміз қажет!
Объяснение:
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.