7-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін сызбаға сәйкес бөліп жаз.
Үлгі: Негізгі ақпарат беретін сөздер: көрікті көл
Ақ, күңгірт, сұр, көк, Алакөл, ұсақ көл, емдік қасиеті, құрғақ
ата, дымқыл ауа, химиялық элементтер, суы тұзды, суы жылы,
Я
үлкен айдын.
Негізгі ақпарат беретін сөздер:
Детальді ақпарат беретін сөздер:
Қосымша ақпарат беретін сөздер:
Мектеп асханасы туралы әңгіме.
Әрине,мектепті асханасыз елестету мүмкін емес қой."Ас – адамның арқауы" демекші,мектепте үзіліс кезінде оқушылардың көпшілігі асханаға асығады.Бұл жердің иісі мен атмосферасы да өзгеше.Сабақтан шаршаған оқушының осы жерге келіп күш жинауы да осыда.
Біздің мектептің асханасы үлкен,өте әдемі әрі ыңғайлы.Бұл жерде дәмді және неше түрлі тағамдармен қатар,мереке сайын безендірулер де жасалынып тұрады.Ал асханашы апайдың тіл үйірер дәмді асына,мейрімділігіне не жетсін,шіркін!Кейде ақшаң болмаған кезде бәліштерін қарызға да беріп жіберетін.Не дегенмен де,мектеп асханасының оқушылар үшін алар орны зор.