34апсырма. Темендегі сөйлемдерге мағынасына қарай жедел өткен шақтың жұрнақтарын жіктік жалғауларын қойып көшіріп жазыңдар.
1. Келген ізіммен қаладан қайта шығып кет 2. Әділжан-ау,
сен не айт... ? 3. Өз көзіммен көр... ғой. 4. Оны білмей қал...
көңілшектікке салын... .5. Осында келуге асық... . 6. Екеуіңіз де бір
жерден шық... . 7. Аман-сау кел... бе? 8. Жұрттың барлығы соған
қарай дүрлік... . 9. Талғардан бес-алты шақырымдай ұзап шық... .
10. Келін деп кем көрмей, тең адамдарша сырласып, ұзақ сөйлес... .
11. Апасы үйме табақ еттің үстіне көк жуа тураған тұздық құй... .
12. Қай жерге дейін жарысатынымызды межеле... . 13. Халықтың
қайратынан шәрбат іш... . 14. Бәріміз ертеңгі күнгі жиналысқа
дайындал... .
"Әуежайдағы танысу" диалог.
– Сәлеметсіз бе?Мына орын бос па екен?
– Сәлеметсіз.Әрине,бос.Отыра беріңіз.
– Жарайды.Рахмет.
– Қай жаққа жол тарттыңыз?
– Бұйырса Нұр-Сұлтанға.Сіз ше?
– Мен де.Атыңыз кім болады.
– Әмина.Сіздікі ше?
– Сәуле боламын.Танысқаныма қуаныштымын.
– Мен де.Жайша бара жатырсыз ба?
– Қызым оқиды Нұр-Сұлтанда.Бітіру кешіне барып келейін дегем.Өзіңіз?
– Жұмыс бабымен.Конференцияға қатынасу керек еді.
– Солай деңіз.Әуежай,вокзал дегенге 1-2 сағат бұрын ерте келіп отырмаса болмайды.
– Дұрыс айтасыз.Кешігесіз де қаласыз.Жолды жауып тастауы мүмкін мысалы.
– Мен солай кешігіп қалғам.Содан кейін ерте келіп отыратын болдым.
– Түсінікті... Біздің ұшақты хабарлап жатыр.Тұрайық.
– Жарайды, жүріңіз.