1. Бір басты,екі тілді бір мақұлық,
Жүреді айдалада ырғатылып,
Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,
Өзінің сөйлеспесе досты барып.
Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы
Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,
Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,
Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,
Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық. (Қалам)
2. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (Кітап)
3. Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Көзге көрінбейді,
Бұл не? (Ауа)
4. Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама. (Кітап)
5. Астында төсегі бар салған тағы,
Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,
Теңізден салған жолы сайрап жатыр,
Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы. (Қалам)
6. Жаны жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,
Көп нәрсені білесің. (Қалам, жазу)
Бұл Қазақстанның мақтан тұтарлықтай әрі "Қазақ" деп оңай тануынв мүмкіндік беретін белгілер десек болады. Бәйтерек-әрбір келген туристтің көзіне бірден көрінетін, ерекше ғимарат. Бұл біздің тәуелсіз ел екенімізді айқындайды. Ал "Алтын Адам" - ның ескерткіші біздің ата-бабамыздың қандай керемет, бай, асқан ерлігі мол екенін көрсетеді. Қолындағы қыраны біздің осы кең даланы шарлап, еркіндікте өсір сүретінімізді баяндайды. Ханшатыр-бұл сыртынан өте ерекше көрінеді. Астананың көркем жерлерінің бірі. Көптеген туристтер осы жақа көп келеді. Іші де өте керемет. Қазақстан өте керемет өлке.