Ұлы Жібек жолы - Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Жібек жолы б.з.д. III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда
болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек жолының бойында
орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойранның
Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы.
куәсі болды.
Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай,
Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет пен дипломатиялык
қарым-қатынас орнады.
АУЫСПАЛЫ КЕЛЕР ШАҚ
Мәтіндегі етістіктерді ауыспалы келер шаққа айналдырып
жазыңдар.
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел – алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.
Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен