М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
infernalcookie
infernalcookie
25.02.2022 21:24 •  Қазақ тiлi

Перескажите текст Барахолкадан бір-ақ шықтық. Көше бойымен әр дарбазаға жалтақтай қарап, барлап келемін. Бір кезде пәтер жалдаймын деген жазу көзіме шоқтай басылды. Қуанғаннан айқайлап жібере жаздап, бетімді шымшып өзімді әрең тежедім. Қожайын ұйғыр әйел екен, бізді суық қарсы алды.
Айнадай жарқыраған жап-жаңа үйдің қарсы алдындағы тозығы жеткен үлкен үйдің іші сасық исі мүңкіген қараңғы дәліз екен. Артынан еріп келеміз. Таусылып болмайтын бұрылмасы көп дәліздің түбіне барып бір-ақ тірелдік. Ең соңғы бөлме, ең соңғы үмітім. Көзім сәл үйірлескендей болды. Қоян екеш қоян да інін дәл бұлай қаза алмас-ау, сірә!?
Енді байқадым, үлкен бір залды келсін-келмесін, иттің ұясындай қылып сансыз бөлмелерге бөліпті. Тақтаймен бөлсе бір сәрі. Қыртыспен қиюластыра беріпті. Соның керегеге тірелген соңғы қуысы бізге бұйырып тұр. Саңылауларының ар жағында пәтершілердің қарасы анық көрінеді. Сол сәт арғы беттен сәбидің шырқырап жылаған ащы үні естілді. Қыртыс қабырғаның үстіңгі жағы төбеге бір қарыс жетпей қалыпты да, сол ашық аралыққа небары жалғыз ғана шырақ орнатыпты. Арғы жақ пен бергі жақ сол жалғыз шыраққа тәуелді. Егер шырақ сөнсе, екі жақ та жарықсыз қалады. Есік жақ қабырға да итеріп қалсаң құлап түсердей, қаусап әрең тұр...
— Қоныс жәйлі болсын, – деген дауысқа жалт қарасам, аппақ сақалы кеудесін жапқан қария қарап тұр екен, қапелімде сасып қалдым.
— Бірге болсын, ата, – деппін.
— Е-е, балам менсінбей тұрсың-ау, ә! «Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді». Біз де жүрміз ғой! – деді солқ-солқ күліп. Осы арада қожайын әйел киіп кетті.
— Алсаңдар осы үй бос, он мың теңге, қарап тұратын уақыт жоқ, тез шешіңдер.
Келіншегім маған қарады, мен келіншегіме қарадым. Екеуімізде де үн жоқ. Қария күлімсіреп: «Әй, балаларым-ай!» деп басын шайқап қояды.
— Аяғым ісіп кетті, жетім бұрышқа енді бармай-ақ қояйықшы. Өкшем ойылып қалды-ау деймін, удай ашып тұрғаны.
— Келістік, – дедім. Аузымнан осы сөз қалай шыққанын да сезбей қалдым. Артынша елден қай жеріміз артық, өзіміз сияқты қазақтар екен ғой осында пәтер жалдап жүрген, – деп қоям күбірлеп. Өзімді-өзім жұбатқан түрім.
— Мына үйде бір нәрсе жетіспейді, – деді келіншегім, аналар кеткесін сылқ-сылқ күліп. – Бір нәрсе жоқ.
— Бір нәрсе?! Бір нәрсе ғана емес, бұл үйде ештеңе жоқ.
— Бір нәрсе ғана жоқ.
— Телевизор ма?
— Жоқ.
— Айна...
— Қойшы, айна біздің не теңіміз. Өзің соқырмысың. Көзіңді ашып қарасайшы.
— Өзің айтшы ал.
Кенет жарық жалп етіп сөне қалды.
— Өй, жарыққа не болды, – деп сасып қалдым.
— Мен өшірдім, – дейді келіншегім сыңғырлап.
— Жындымысың, жақ шырақты.
— Не нәрсе жоқ екенін тапсаң жағам.
— Бәрі жоқ бұл үйде. Ештеңе жоқ.
— Әдейі істеп тұрсың ба, әлде, соған да миың жетпей тұр ма?
— Бала қорқады, жарықты жағыңдар, – деген еркек дауысы шықты қыртыс қабырғаның ар жағынан.
— Терезе жоқ, – деген әйел дауысы шықты қырсық қабырғаның ары жағынан. Шырақ жарқ етіп жана қалды.
— Терезе жоқ дейді?
— Иә, терезе жоқ, – деді келіншегім.
— Терезе жок, – деп қарқылдап күлді ер мен әйел.
— Терезесі жоқ үй де болады екен-ау, ә.
Бөлмелер бөлек-бөлек болғанымен ауасы ортақ екен. Терезенің пайдасын енді білдім. Мүңкіген иіс қолқамды қауып барады. Мұрныма арақтың сасық исі келді, оған анда-санда темекінің түтіні қосылады. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
didisa0282
didisa0282
25.02.2022

трудовые договора (соглашения), приказы по личному составу, заявления, характеристики, трудовые книжки, личные карточки и другие документы, составляющие личное дело работника.

Документы по трудовым отношениям ведутся с момента поступления работника в организацию и хранятся после их увольнения 75 лет. Поэтому они выделяются в самостоятельную группу документов.

При подготовке организационно-распорядительных документов необходимо руководствоваться требованиями государственного стандарта на эту систему документации - ГОСТ Р.6.30 - 2003.

4,8(29 оценок)
Ответ:
Сорим
Сорим
25.02.2022

Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!

Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.

Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.

Объяснение:

4,4(91 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ