сделать вывод Мұнай... мұнай
Сары май
Қап-қара май
Келбетіне халқымның жаққан арай.
Бейнеті мол қазақтың жерін кеулеп,
Байлығына айналған баққа қарай.
Мұнай... мұнай — қара алтын қазынамыз,
Қаталдау табиғаттың назы нағыз.
Қан тамырдай таралған құбырлардан
Қарақошқыл Жер қанын ағызамыз.
Мән сыйлаған тірлікке, сән сыйлаған
Мұнай көзін тереңнен аршиды адам.
Жапан түзде ертегі қала салып,
Естен кетпес жасады сан сый маған.
Талайларды келтірген жарқын жүзге
мұнай деген қап-қара алтын бізге.
Мұнай іздеп келеміз қиырлардан
Ысық шілде, қатал қыс, алтын күзде.
Қап-қара қан жүгіртіп тамырына
Қара алтынның боялып сағымына
Қолын созған әлемдік биіктерге
Сүйінемін Маңғыстау алыбыма!
Салауатты өмір салты дегеніміз — дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендеу. Мұның барлығы да салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Спортпен айналысатын адамдар құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді. Дұрыс тамақтану теріні жақсартып, ағза қызметін ретке келтіреді. Таза ауаның ағза үшін пайдасы мол. Кез келген адам аман-сау жүргісі келеді. Денсаулық дегеніміз — тек биологияға ғана емес, қоғамға қатысты ұғым. Жақсы денсаулық — бұл өмірдің жақсы жағын танып, еңбектену. Жан мен тәннің саулығын қамтамасыз ететін түрлі рәсім бар. Мысалы, су рәсімі. Ол ағзаны тұмау секілді түрлі аурудан сақтандырады. Мұнымен қатар, күн ванналарының пайдасы мол. Денсаулығын күтетін адамның артықшылықтары көп болады. Ол өзіне қиянат жасамау керектігін біледі. Өздерінің салмағы бойына сай, бұлшық еттері қатты болады. «Тәні сау адамның жаны да сау» деген сөз дұрыс айтылған.