Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Ерте, ерте, ертеде Есімдік деген байдың жеті баласы болыпты. Әкесі жеті баласын өз есімдерімен атамапты. Олар Жігер ( жіктеу ) , Серік ( сілтеу ), Самат ( сұрау ), Өркен ( өздік ), Берік ( белгісіздік ), Балым (болымсыздық) , Жанат ( жалпылау ) екен. Байлығын бөліп беру үшін әкесі балаларын жинапты. Балаларының ішінде кім ақылды екенін білу үшін оларға тапсырма беріпті. Әкесі кім де кім, маған өз ақылы мен қабылетін көрсететін болса сол балама байлығымды беремін депті.
Ол әр баласының ақылды екенін білетін. Әне- міне дегенше барлығы кезек- кезек өз қабілеттерін паш ете бастады. Қатты таңданған Есімдік бар балаларына байлығын теңдей бөліп беруді шешіпті.