Есімді сөз тіркестері[1] — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.
Объяснение:
во правильный отве ☝️☝️☝️☝️
ответ:Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Әрбір адамзаттың — алтын ұясы десе алдымен отбасы ойымызға орала кетеді. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Біздің отбасын үлкен отбасы десе де болады. Мен өз отбасым жайлы толығырақ айтқым келеді. Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам және әжем, анам мен әкем, тәтем мен інім және мен. Біздің отбасымыз бақытты. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. Себебі менің отбасым қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін тәтем, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Біздің отбасының ерекшелігі дастарқан басында әрдайым атамның асты бастауымен және тамақтан кейін бата берген соң ғана орнымыздан тұрамыз. Әжем бір бірімізге сөйлегенде жылы да мейіріммен сөйлеуімізді әрдайым айтып отырады. Сендер бір біріңе қонақсыңдар. Әрдайым бір біріңді бірінші көргендей және ұзақ уақытта сағынып көргендей бағалаңдар дейді. Мен отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.