М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kotya005
Kotya005
19.09.2022 04:01 •  Қазақ тiлi

"сақ патшайымы - Томирис" тақырыбына эссе
жазу

👇
Ответ:
RomcheG3228
RomcheG3228
19.09.2022

Күні кеше жұрт асыға күткен "Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп, ел назарына ұсынылды. Тарих толқынан шыр шертетін фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай. Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бір-бірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре

вот

4,7(24 оценок)
Ответ:
ress1133
ress1133
19.09.2022

Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай. Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бір-бірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре білген көреген басшы болған

Анасы Томиристі босанғанға көз жұмады. Дегенмен кейбір дереккөздері оны кейін қайтыс болғанын жазады. Томирис бала күннен жаугер болып өседі. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген.

Шамамен б.з.д. 530-529 жылдары Мидия патшасы Кир көрші мемлекеттердің басым бөлігін өзіне қаратып, "Азия әміршісі" атанады. Осыдан кейін ол Ұлы далаға көзін тігеді. Осы бір жорықта Парсы патшасы Томиристің ері Рүстемді өлтіреді. Ал Кирдің құйтырқы әрекетінен тұтқынға түскен ұлы Спаргапис өз-өзіне қол жұмсайды. Жақындарынан айырылған Ұлы Патшайымды қанша қайғыға батса да, нәзік жүрегін қасірке бөксе де, рухын түсірмей, ерік жігерін жинап алып, жаумен өршелене шайқасты.

Актриса Альмира Тұрсын "Томиристің" рөлін сомдады

Жаумен шешуші шайқаста Томирис патшайымымен бірге сақ-қыздары мен әйелдері де ақтық демі таусылғанша табандылықпен қарсылық көрсетті. Сақ қыздарының мұндай қанды шайқастағы ер мінезінен сескенген парсы әскері ойсырай жеңілген екен. Ұрыс даласында "Азия әміршісі" Кир патша да өлім құшады. Осы шайқастан кейін Азияның азулы мемлекеті күш-қайраты мен абыройынан айырылып, бұрынғыдай алпауыт ел бола алмаған.

Соғыста ерекше табандылық пен жігерлік танытқан сақ қыздарын тарихшы Геродот "ең қатыгез және ұлы" деп атаған. Грек тарихшысы Томирис патшайымның ерлігін қағазға түсіріп, осы күнге жеткізіп отыр.

Шайқаста Кирдің басы түсіп, Томиристің алдына әкелінеді. Сақ патшайымы тері шанашты қанмен толтыруға бұйрық беріп, Кирдің шабылған басын тастайды: "Аңсағаның қан еді, іш енді соны!" – деп айқайлады.

Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен халқын талай таң қалдырды. Олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады.

4,6(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Anonim1678
Anonim1678
19.09.2022

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. 


Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. 

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

4,5(31 оценок)
Ответ:
misarevakin6
misarevakin6
19.09.2022
Қаланың орналасуы - ескі керуен жолдарының қиылысу стратегиялық тиімді нүктесі даланың тұрғындары тартылған. Археологтар қола дәуірінің, темір дәуірі мен ерте орта ғасырларда салынған, қалада артефактілерді табу. Осылайша, 2001 және 2005 жылы. Ол қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің Күйгенжар ​​қабірлері зерттелді. 2007 жылы, ішінара Тәуелсіздік сарайына жақын орналасқан Сығанақ (2011 жылдан бастап Sh.Kaldayakova көшесі), тыс корольдік үйiп тиелген зерттелген. Қаласында орналасқан басты тарихи сайттар бірі, Бозоқ қаласы болып табылады - ескерткіш ерте ортағасырлық бері жұмыс істейді epohiKazahskogo хандығы үшін (VII-VIII ғғ.) (XV-XVI ғғ.).Вроде о но?
4,7(44 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ