Көшеде Сайықмазақтың киімін киген жас жігіт айғайлап жүр екен. Қасында екіншісі өткен-кеткен адамдарға қағаз таратып жүр екен. Қазығушылығым оянып жанына жақындадым.
Сайықмазақ:
- Тыңдаңыздар ! Тыңдаңыздар! Қаңтардың 5 ші жұлдызында " Қыстық мереке " атты шоуымызға келіңіздер ! Атақты Ресейдің көшпелі хайуанаттар бағын көріңіздер! Алып арыстандарды, көңілді маймылдарды, пысық күшіктерді, ашулы қодастарды, сүйкімді понилар тек бізден көре аласыздар! Келіңіздер! Билеттер санаулы-ақ қалды. Билетті ана тұрған дүнгіршектен ала аласыздар!
Қолыма кішкене қағазды ұстатты, бұл хабарландыру екен. Мен қатты қуанып кеттім. Мұны естей салып уйге қарай тарттым. Уйге кірір-кірместен, аяқ киімімді асығыс шешіп анама жүгіріп естіген хабарламамды айтып, қағазды көрдім. "Анашым мені сонда апарыңызшы "деп едім анамда келісе кетті. Екеуміз билет алуға бардық.
Синоним:
Асығыс-үсігіс
Пысық- шапшаң
Антоним:
Кірер-кірместен
Көңілді-қызықсыз
Омоним:
1.Ана- мама
Ана- сілтеу есімдігі. Ана бір тұрған затты меңзеу.
2. Алып- дәу
Алып-іс-қимыл.Бір затты алу.
Аспандияр: Бүгін әдеттегіден ұзақ сабақ оқып отырған сияқтысың. Қиын болып жатыр ма?
Еркебұлан: Жоқ, қиын емес, керісінше қызығып кетіп, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.
Аспандияр: Сонда қай сабақты оқып отырсың?
Еркебұлан: Тарих сабағын оқып отырмын.
Аспандияр: Сонда қандай қызықты мәлімет білдің?
Еркебұлан: Ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі Томирис (Тұмар ханша) жайлы оқып отырмын. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды.
Аспандияр: Ия, тарих сабағы тұнып тұрған мәлімет қой. Ал сен Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебін атай аласың ба?
Еркебұлан: Әрине. Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.
Объяснение:-
простите. я не могу это решить. так что еще
Объяснение: