М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
strimersakarinа
strimersakarinа
08.03.2023 21:20 •  Қазақ тiлi

6 -тапсырма. Мәтінді оқып, әр ойбөлігіне тақырып қой, негізгі идеясын
анықта. Әр ойбөліктегі тірек сөздерді теріп жаз.
Тақырыбы
Азатжолдар
Негізгі идеясы
Тірек сөздер
1-азатжол​


6 -тапсырма. Мәтінді оқып, әр ойбөлігіне тақырып қой, негізгі идеясынанықта. Әр ойбөліктегі тірек сө

👇
Ответ:
vikioria
vikioria
08.03.2023

Тақырып

1 биотехнология

2 сүт қышқылы

3 орыс ғалымдары

4,4(33 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
a06b07c2005
a06b07c2005
08.03.2023
1.Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде, 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, оның әкесі Өскембай, үшінші атасы Ырғызбай. Бұлардың барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар. Өскембай — Ырғызбайдың өзге балаларының ішінде ең дәмелісі болды. Сол кездегі Кеңгірбай маңайындағы ағайын-туысқан, іні-баласының бәрінен пысық, епті болыпты. Өскембай Кеңгірбай қартайған кезде атқа мінеді.
Өскембай өзінің ел меңгеру әдісінде ең алдымен, Кеңгірбайдың көпті мезі қылған парақорлық мінезінен бойын қашандау ұстауға тырысқан көрінеді. Ру басылар ортасында сақталып қалған сөздің бәрінде: "Ісің адал болса, Өскембайға бар, арам болса, Ералыға бар" деген сөз бар.
Бірақ осындай болумен қатар, Өскембай елді күшпен, зорлықпен ықтырып аламын деп, асқақ мінезді көп қолданған.
Мысалы бір уақыт аулына жүгініске келіп отырған Мәмбетай деген кісіге ашуланып, мұрнын кесіп алғаны... сияқты ісі жаңағы айтқанға дәлел.
Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ер жетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 жылы туған. Құнанбайдың шешесі Зере, кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі.
1850 жылы, 72 жасында Өскембай өледі. Зере байынан кейін көп жасаған. Ол бертін келіп: 90-ға жетіп өледі. Мұның ақын болатын немересі Абайдың бала, бозбала күнінде бәрі Зерені "кәрі әже" дейді екен. Кәріліктен құлағы есітпейтін болады. Балаларына дұға оқытып, үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әженің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.
Құнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан алған тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген.
Мұның орайына жас күніндегі өмірі, елдің ол кездегі дағдысы бойынша: батырлық, жорықшылық сияқты істерге көбірек ауған. Өзі құрбы жас жігіттердің ішінде ер, мықты найзагер болып та саналған.
Жасында осындай өмірге салынған Құнанбай кесек мінезді, қатты адам болғанға ұқсайды. Қаттылығы әншейін ғана емес, әке, шеше, жанашыр жақынға да бір қалыпты болған сияқты.
Ел билеп, іс басқаруға келгенде Құнанбай әкесінен өтімдірек болған. Мұның кісілікке толық ілінген кезінде Сібір даласы "1822 жылдағы Сібір қазақтарына арналып шыққан устав" бойынша өкірікке бөлініп, "өкіріктік приказ" билейтін болған. Өкіріктің бастығы аға сұлтан, приказдың қалған екі мүшесінің бірі өкімет чиновнигі болады (елдің көбі мұны майыр дейді). Үшінші мүшесі кіші сұлтан атанады. Осы кезде Құнанбай екі жылдай аға сұлтан болады.
Бұрыннан өз орталарынан біреудің болуына көп тілеулес болып жүрген ру жуандары Құнанбайдың аға сұлтан болуын Құсбек, Жамантайдың партиясынан, патша саясатынан дегісі келмей, "Құнанбай басының қасиетінен" деп кеткен сияқты.
Сол кездегі атқа мінерлер аузындағы аңызға қарағанда, Құнанбай: "қарадан хан болған" деп аталады.
Құнанбай аға сұлтан болған уақытта, өз еліне старшындыққа өзінің тоқал шешесінен туған Майбасар деген інісін сайлаған. Майбасар тентек, ұрыншақ мінезді, сыйымсыз адам болған. Ел мұны адамшылық, ақыл, мінез жағының қайсысынан болса да басшы болып, ел меңгеруге жарайтын кісі деп білмеген.
Майбасар қылығының салдарынан Жігітек деген ру бастығы Бөжей болып, Құнанбайға өкпелі болады. Бірақ бірде аға сұлтан болып жүрген Құнанбай, әрі сырт елдерге атақты, әрі үмітке салмақты болып ап, Жігітекті де, басқаларды да бойымен басып шыға берген. Сонымен алғашқы араздық, жаулық кейін ұзақ замандарға созылып кетсе де, Құнанбай тұсындағы алыстың бір буыны Жігітектің жеңілуімен бітеді. Құнанбай Жігітектің он жеті адамын Сібір айдатады.
Бұл кезде Абай ержетіп, ел меңгеруге кіріскен еді. Әкесінің Жігітекпен алысқан, Тоқпамбет үстіндегі, Мұсақұл үстіндегі төбелестерінде баларақ болса да, ер жете бастаған сайын, әкесі мұны ел сөзіне, ел ісіне жұмсай бастайды. Осы Құнанбай ісінің жоғарыда айтылған көп уақиға, көп тартыстары және барлық сол заманның мінездері ақын Абайдың бала күнінен бастап нық байланыса өскен ортасы еді.
Көп басты адамынан айырылған Жігітек талай заманға шейін "көзге қамшы тигендей" болып қалады.
Абай елді меңгеріп алған кезде, Құнанбай біртіндеп кеп ел сөзінен шыққан. Сонымен 72 жасында қажыға барып, қажыдан қайтып келген соң 8-9 жылдан кейін қайтыс болады.
4,6(67 оценок)
Ответ:
Всенорм1111
Всенорм1111
08.03.2023

Казакстан кандай мееен?

Толык:Казак стан турле улт окелдерынын басын коскан Улы мекен

КЫСКА:Казакстан Улы мекен

Казак халкы кемдерде кушак жая карсы алды?

Толык:Казак халкы елемызде турып жаткан жузден а там улт окелдерен кушак жая карсы алды

Кыска:Казак халкы улт окелдерынын кушак жая карсы алады

Оларга кандай жагдай жасады?

Толык:Олардын салт-дастуры, тылы мен мадениеты жогалмас ушын колайлы жагдай жасады

Кыска:Олардын салт-дастуры жогалмас ушын колайлы жагдай жасады

Казакстан бугынде кандай елге айналды

Толык:Казакстан бугынде улттар мен улыстар мекендеген достык пен туыскандыктын, ынтымак пен ырыстын ордасына айналды

Н. А. Назарбаев нены мындет етып койды?

Толык:Елбасы Н. А. Назарбаев Жана алемдегы жана Казакстаннын бейбытшылык мекены болуы керектыгын мындет етып койды

Кыска:Н.А.Назарбаев Казакстан бейбытшылык мекен болуы керектыгын мындет етып койды

4,4(72 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ