Оқылым мәтінінен сапалық және қатыстық сын есімдерді анықтап, кестеге толтырыңыз. мәтін:
Көліктің пайда болу тарихы
А ежелден қысқа мерзімде ұзақ қашықтыққа жету, өз жұмысын жеңілдету, еңбек өтімділігін арттыруды армандаған. Олар жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасай бастады.
Ең алғаш өздігінен қозғалатын бумен жүретін көлік 1769 жылы Францияның соғыс министрі Этьен-Француаның тапсырмасымен құрастырылды. Бу көлігін Николас Джозеф Кагнот пен әскери механик Брезин Парижде құрастырып шығарды. Бес тоннаға дейін жүк тиеуге болатын бұл көлік сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын еді. Көліктің осал жері тежегіші болған. Осының кесіренен бірнеше рет жол апатына ұшырап, нәтижесінде 1771 жылы көлікті шығару тоқтатылды. Соған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихтағы ең алғашқы көлік болып саналады.
Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлікті жасап шығарған – Карл Бенц. Ол 1885 жылы үш дөңгелекті, үш орындықты көлік жасап шығарды. Үш дөңгелекті көлік ыңғайсыздау болған соң, 1893 жылы қозғалтқышы үш ат күшіне тең төрт дөңгелекті автокөлік ойлап тапты. Ол – Мерседес Бенц көліктерінің атасы, тұңғыш шығарушысы Қазіргі көліктердің күші 40 аттың күшіне тең.
Тәуелсіздік басымызға кондырған ең басты бакыт-өз таңдауымызды өзіміз жасауымыз, өз болашағымызды озіміз болжауымыз. Осындай таңдаудың бірі - ел Астанасын Сарыарканың киелі аспаны астына, қазақ топырағының кіндік тұсына кошіруіміз. Бұл, шешімнің қаншалыкты манызды екенін әрбір Қазакстандық жақсы біледі. Ал, жас Астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы он бес жыл ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды.
Астана – қазақ елі болашағының каласы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың курылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік.
Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас каламыз -өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.