М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
01041
01041
05.06.2020 02:24 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқы. Негізгі ақпаратты жаз. Жоспар құр. (Прочитай текст. Выпиши основную информацию. Составь план.) Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы 2001 жылы курылды Топтың мақсаты бүкіл алемде тындармандарды халық шығармаларының сұлулығы мен қазақ халқының мәдениетімен таныстыру, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа домбыраның қадір қасиетін дәріптеу. «Ұлытау» тобы отандық және әлемдік заманауи инструмен талды музыка саласындағы жаңалық топ музыканттары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Н.Тілендиев, Бах, Вивальди. Паганини сияқты композитордың шығармаларын ерекше құлшыныспен, ынтамен орындайды. «Ұлытау» тобының мүшелері алем классиктерінің тандамалы шығармалары мен қазақ классиктерінің туындыларына бірдей қызығушылық танытып келеді, түрлі тақырыптағы, түрлі дыбыстық ерекшеліктері бар туындыларды орындайды Олар- дан дала желінің ұйытқуы, күн көзіне күйген потің иісі анниды, такаппар, санді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді аңсақалдар мен әдет-ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді. Бұл өнерді «World Music» деп те атауға болады. «Ұлытаудағы электргитараның асқан шеберлі ұйқастары Ричи Блэкмордың ұқсас экзерсистерін еріксіз еске түсіреді, ал динамикалық және жуан дыбысының ырылда уы Роджер Гловерді елестетеді. Музыканттар снрипнаның назін үні мен төл дыбы сымен ерекшеленетін қара домбыраның үнін ауыр роктың блюздің жайландыратын Нью-эйдждің мәдениетімен» тамаша үйлестіред


Мәтінді оқы. Негізгі ақпаратты жаз. Жоспар құр. (Прочитай текст. Выпиши основную информацию. Составь

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
4,4(78 оценок)
Ответ:
max19811
max19811
05.06.2020

Объяснение:

Біліміңді тексер

1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?

2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.

3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?

4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?

5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына

өтудің барлық алғышарттарын атап көр.

6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?

7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына

қандай жағдайлар себеп болды?

8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай

болды?

9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?

4,5(100 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ